Өзімнен кіші жігіттен жүкті болып қалдым

Өзімнен кіші жігіттен жүкті болып қалдым

 Менің айтқанымды түсінбейсіздер ғой деймін. Жасым отызда. Ақылым да орнында. Мен үш жыл отасқан күйеуіммен айырылысқан соң басқа жігітпен аяқ астынан таныстым. Ол менен алты жас кіші болса да өте қатты сүйіп қалды. Ешнәрсеге қарамаймын деп барлығына көз жұмды. Мен бұрын ажырасқанмын, балам жоқ,  ол да ажырасып үлгерген, баласы бар. Менде де оған деген сезім болды.

Бір ай кездесіп жүрдік. Енді оған тойдан кейін төсектес боламын, жаным-ау мен сондай кереметпін демеймін ғой. Иә, бір ақ рет болдық. Бірден көтеріп қойыппын.Естігенде шок болдым. Себебі мұндайды күтпеген едім. Үш жыл сүйген адамымнан көтермей осы жігіттен көтеріп қойғаныма ренжідім. Оны бар-жоғы бір ай көлемінде ғана танимын. Бұрын бала көтере алмағандықтан да сақтану дегенді ойламағанмын да.

Жігітім баланы алдырма, оны ойыңнан шығарып таста, мен үйленемін, бәрі жақсы болады деп жұбатуда.

Ал мен болашаққа қорқынышпен қараймын. Ол менен жас, алты жас кіші. Махаббаты өткінші емес пе? Ертең ойланып қалмай ма? Талай сұлулар бар. Бір кезде маған деген көзқарасы өзгеріп, махаббаты суып кетсе ше? Өмірде кездесетін қиындықтарға төзе ме? Сондайда тастап кетпей ме? Тағы сүрінбеймін бе? Қайта-қайта ажырасу оңайға соқпасы аян. Бастапқы кезде баланы алдыруды ойлағанмын. Енді жүрегімнің астында пайда болған тірі жанға мейірімім оянып алдыруды ойдан мүлде шығардым. Өзімнен кіші жігітке тұрмысқа шықсам бақытты бола аламын ба? Енді бәрібір соның ұрпағын құрсағымда көтеріп жүрмін. Не істеймін?!

Дана
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста