Отбасы - ошақ қасы

Пәктігімнен айырылған соң жігітімнің мінезі өзгеріп кетті

  • Пәктігімнен айырылған соң жігітімнің мінезі  өзгеріп кетті

    Пәктігімнен айырылған соң жігітімнің мінезі өзгеріп кетті

 Маған ақыл қосыңыздаршы. Өзім не ойларымды да білмей қалдым. Жасым 23-те.  5 жыл бір жігітпен жүргем. Арасында ұрысып та жүрдік. Бірақ қазір жақсы көрмейтін сияқтымын. Арамызда жақын қарым-қатынас болған. Соны ойлап бəрі үшін көнем деп ойлаған едім, енді ол шектен шықты. Не үшін болдың? деп ойлайтын шығарсыздар. Бұл өзімнің ойымның таяздығы.

Бірінші жылы ол маған егер қыз болсаң дəлелде деген,   мен келіспей жүрдім бірақ ол демек қыз емессің, онда неге кашасың, мен сенбеймін саған дейтін, ал бұл уақыттарда мен оны жақсы көретінмін. Сонымен екінші жылы оның дегені болды. Сол кезде мен қыздың тазалығы соншама маңызды екеніне миым жетпепті. Негізі мамам айтатын бірақ ол уақыттарда мəн бермеппін. Енді қазір қатты өкінем. Егер бұл жігіт бұндай болмаса өкінбес едім.

Арамыз жақындағаннан кейін-ақ оның теріс мінездері байқалды. Мен оның дөрекі қылықтарынан кейцін тіпті кездесуден бас тартқан кездеім де болды, бірақ ол соңымнан қалмайтын. Бірде өзі "енді менен қайда кетесің" деген сөзі де айтып қалды.

Уақыт өте келе мен оны қаламасам да ол маған күш қолданатынды шығарды.  Бірде тіпті қарсыласқанымда бетімді тістеп алды батырып, зорлады. Жаныма батқаны да осы. Сол жерде неге өліп кетпейді екенмін деп ойладым. Бұл жағдайдан соң оған ештеңе дегім келмеді. Сөзім жоқ оған айтатын.

Мен ылғи да ол түзеледі, маған тиіспейді деген үміт болды. Əр кездесуге шыққанда бұлай болмайды, жай ғана серуендеп қайтамыз деп ойлайтынмын. Бірақ енді бұл үміт енді менде жоқ. Онымен сирек кездесуге тырысам.  Егер біз ерлі-зайыпты адам болсақ,  бұл туралы үшін ешқандайда өкпе-реніш болмас еді, бірақ біз ондай емеспіз сол үшін жыным келеді. Дəл қазір оны жек көріп жатырмын. Соңғы оқиғадан кейін кешірім сұрады, бірақ кешірмеймін дедім. Не ойларымды да білмеймін. Жек көрем оны. Маған ақыл қосыңыздаршы мен не істейін? Онымен сөйлеспей, болашақта басқа адаммен сөйлесетін болсам менің бұл жағдайымды қалай қабылдар екен? Мен оны жақсы көрмеймін, сезімім өшті. Бұл сезімнің өшкеніне де біраз уакыт болды, тек одан үміттендім, мүмкін қайта жақсы көрермін деп, бірақ бұл сезімде ол жек көрушілікке айналдырып жіберді. Осының кесірінен басқа адамды да жақсы көре алмаймын ба деп қорқам. Өйткені біреуді ұната алмаймын, енді мен ешқашан ешкімге ғашық бола алмайтын шығармын.




Көрілген: 3587    Пікірлер: 7

бейсенбі, 15.06.2017, 11:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Маусым, 09:11
    Байлыққа қызығып,...
    31 Мамыр, 12:57
    Ана сатып аламын...
    2 Мамыр, 22:21
    Қызыма әке керек
    29 Сәуір, 11:07
    Ананың ақылы...
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30