Отбасы - ошақ қасы

Сүйем, күйем деп төсекке сүйрейтін жігіттен аулақ болыңдар, қыздар!

  • Сүйем, күйем  деп төсекке сүйрейтін  жігіттен аулақ болыңдар, қыздар!

    Сүйем, күйем деп төсекке сүйрейтін жігіттен аулақ болыңдар, қыздар!

 Мұндағы көптеген хаттарды оқи келе, жас қыздардың ақ босағаны аттамай жатып жігіттерге алданып жатқаны , жігітім басқаға кетті, арамыз суыды, хабарласпай қойды, мінезі өзгерді деген сияқты хаттарды көп оқып жатамыз. Соларға кішкене көмегім тисін.

Қыздар, біз барлығымызда ер мінезді, ақылды, салмақты, тіпті мінсіз жігітті армандаймыз, иә рас бұл өтірік емес. Жігіттерде де дәл солай нағыз қыз деген атқа лайықты қыз іздейді осыны ұмытпайық. Арадағы жақсы қарым-қатынас пен сыйластықты , ар намысты сақтау ол көбінде қызға байланысты. Ең бірінші кезекте қыз жұмбақ болу қажет. Міне жігітті қызықтыратын жәйт осы. Кез келген адамға шешілмеген жұмбақтың жауабы қызық. Жауабын білсе қызығы қалады. Тура солай сендер жігіттерге ағылып өз сезімдеріңді сағаттап немесе тоқтаусыз айтып өз қадірлеріңді жоғалтпаңдар "дистанция" дегенді сақтау керек. Жігіттер көзбен жақсы көреді. Бұл шындық. Мың жерден жан тазалығы маңызды делінсін, түбінде түріне қарайды. Бұл дегеніміз 5 кг бояу жағу емес, табиғи сұлулықты одан әрі айқындайтын жеңіл макияж жасау керек. Сосын ұқыптылық, тазалық. Тырнақ, шаш, аяқ, тер иісі. Бұл жігіттердің бірінші кезектегі байқайтын ұсақ түйектері. Тырнақта үнемі маникюр болу шарт емес, жәй ғана ұқыпты болу қажет. Шаш таза, денеден жағымды иіс шығып тұрса жетерлік. Ал киім үлгісіне келер болсақ, қыз баланы нәзік ететіндей киіну керек. Мәселен біз қыздар жігіттерден ең бірінші "мужественный" осыны іздейміз ғой, жігіттерде солай қыздардан нәзіктікті "женственность" іздейді. Жұмбақ болса жігіттің қызығушылығын одан әрі арттыра түседі. Сондықтан денеге қонымды,жарасымды көйлек киген әлде қайда абзалдырақ.

Қыз жігіт болып жүргенде ең маңыздысы сенім иә сенің өз жігітіңе деген сенімің оны шабыттандыра түседі. Бұл дегеніміз жігітпен жақын қарым қатынаста болу деген сөз емес, керісінше оның биікке жететіне, нағыз ер азамат деген атқа лайықты екеніне сену. Қыздарға маңыздысы өзіне назар аударту болса, жігіттерде сүйгенінің өзіне деген сенімі. Сосын айта кетер жәйт, иә бұл ұсақ-түйек деп айтар болсақ та жігіттер бұған мән береді екен. Біз қыздардың ең жаман әдетіміз жігітіміз бар екенін жұртқа жария салу яғни ғаламтор желілерінде вк, WhatsApp-тағы махаббат фотолары мен махаббат цитатылары, мысалға " сенің бар болғаныңа рахмет" деген сияқты сөздердің қажеті жоқ. Айтып өткеніміздей жұмбақ болу қажет, қалжыңдай білетін, қалжыңды көтеретін, байсалды,нәзік болу қажет. Міне осыларды өзіміздің бойымызға әдет етіп алсақ жігіттер100% болмасада 85% қиянат жасап тастамайды. Егер жігіт сені шын сүйіп сенің иманды, ибалы, тәрбиелі қыз екеніңе көзі жетсе сені ешқашан жылатпайды, сені төсекке тартпайды. Сені сүйем деп төсекке тартатын жігіттен аулақ болыңдар. Ол жігіттер бәрібір адам болмайды. Қыздар алданбаймыз сақ боламыз, сәттілік ендіше.




Көрілген: 3499    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30