Отбасы - ошақ қасы

Сүйген адамым мені зорламақшы болды

  • Сүйген адамым мені зорламақшы болды

    Сүйген адамым мені зорламақшы болды

 Менің жасым 20-да. ЖОО-ның студентімін. Намаз оқитын жігітпен арласып жүр едім. Міне бақытымды таптым деп мәз болып жүрдім. Алла маған ойымдағы жігітті жолықтырды, қолынан ұстап ол қайда жүр десе де көзімді жұмып барамын деп ойладым. Алла қандай сынақ берсе де бірге сабыр етеміз деп жүрген адамым мені зорламақшы болды. Сол жағдайдан кейін əлі өз-өзіме келе алмай жүрмін. Оның сол кездегі көзқарасы, айтқан ауыр сөздері есіме түсіп кете береді. Бір қорқынышты түс көргендеймін. Бір Алла абыройымды сақтады, шүкір! Содан соң жігіттерге мүлде сенуден қалдым. Жігітпен жеке қалудан қорқам, жалғыз ешқайда бармаймын, қашқақтаймын. Бірақ бұл жағдайды ешкімге айтпадым. Ұялдым, қорықтым.


Айта кетер жайт, жабық киініп жүрсең ешкім тиіспейді. Ер адамдар артық ой ойламайды дейді. Қайдағы... Оның алдында ешқашан ашық шашық жүрген емеспін. Басыма тұрмысқа шықпасам да орамал тағамын. Қазір барлық ер адам зорлықшыдай көрінеді. Тіпті ұйықтап жатып жиі шошынам.


Мінезім ашық-жарқын, бірақ махаббат сезімінен қорқамын. Кезінде жараланған жүрегім əлі жазылмады. Жаңа танысуларды мүлдем қажет етпеймін. Себебі жүрегім ешбір жанға сенбейді. Менімен танысқысы келетін жігіттерден шаршадым. Жан дүниемді емес сұлулығымды сынайды. Көп жігіттердің ойында кəзір бір-ақ нəрсе. Неге? Ерлі зайыптылардың өмірі сол бір ғана ннәрседен тұра ма?!


Өз қарындастарына сондай қиянат қалар ме екен? Ойы таза, адал жігіт барма өзі? Намаз оқитынмын, қазір көңілім қалды. Менің күні түні тілегенім осындай жігіт пе еді?! Өмірімді құлшылықпен өткізгім келеді. Бірақ күйзелісте жүріп, намазым алыстай бастады. Алла күнəларымды кешсе. Арманым Алланың разылығын алып, соңғы сапарым Жəннат болса. Ұзын киіп, ғайбат сөз айтпай, болашақ жарымды таң намазына оятып, оның артында тұрып таң намазын оқыған қандай бақыт. Балаларымызды нағыз мұсылман қылып өсірсек. Болашақ жарымның ата анасы-менің ата анам. Оларды Меккеге қажылыққа жіберсек. Біз Алла өмір берсе барармыз. Ана өмірге аттанарда артымнан Құран бағыштап қалар ұрпақ қалса. Əттең арманым орындаларма... Уақыт неткен тығыз... Қоршаған ортам иманымды əлсіретеді. Достарымның арасында намаз оқушылар жоқтың қасы. Кейде нəпсім иманымды жеңіп кетеді. Мына дүние қандай алдамшы еді. Алданамыз... Түзелгім келеді. Адамдардың бетіне өтірік күлуден жалықтым. Көлік, үй, байлық қажет емес. Өйткені олар бақыт əкелмейді! Машинасы, айфоны бар жігіттен жайнамазы мен тəпсісі бар жігіт қайырлы. Иманы берік, сабырлы жігітпен отбасы құрсам. Білем қиын болады, бірақ Жəннатқа жетуге тұрарлық!


Намаз оқып жүрге жігіт қиянат жасамақшы болғанда бірақ басқадан не күтем. Әзірге ол жігіт әлі төңіректеп жүр. Не кездеспеймін, кет деп айта алмаймын. Не ішкиіміме шейін жыртып, зорламақшы болған түрін ұмыта алмаймын. Тұрмысқа шыққан күнде оның қасына қалай жатамын. Жеңгем мені де ағаң зорлаған басында дейді. Бірақ менің қалауым ондай қарым қатынас емес. Жанымды түсінер жан болса ғой... Зорлықшыны күйеу қылып отырған келіншектер бар ма екен?! Ой бөліссе екен!


Аноним


 




Көрілген: 3421    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.10.2019, 10:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31