Отбасы - ошақ қасы

Сіз менің туған анам емессіз...

  • Сіз менің туған анам емессіз...

    Сіз менің туған анам емессіз...

 Гүлім қызының бөлмесін жинап жүріп бұрын көрмеген қуыршақ тауып алды. Мұндай қуыршақ әперген емес сияқты еді. Онда қайдан шықты екен? "Құрбыларымен алмастырып алды ма екен" деп ойланып, қайта орнына қойды.

Кешке қызы үйірмеден келген соң бірден:

-Айжан, шкафыңнан бір әдемі қуыршақ тауып алдым. Мен әпермеген сияқты ем. Құрбыларыңнан алдың ба?-деп сұрайды.

-Мам, оқитын сабағым көп,-деп Айжан бөлмесіне кіріп кетеді. Жауап бергісі келмеді.

Екі күннен кейін Гүлім қызының бөлмесінен әдемі, қымбат көйлек тауып алады.

-Қайдан алдың?-деп сұрақты төтесінен қойды. Дауысы қатты шығып кеткенге ұқсайды, Айжан біраз үнсіз тұрды да:

-Танысым берді...-деп қысқа жауап беріп шығып кетеді.

Гүлім уайымдай бастады. Қуыршақ, көйлек әперіп, біреу-міреу қақпан құрып жүрген жоқ па екен? Тіпті не ойларын білмеді.

Сөйтіп қызының соңынан мектепке барады.

Дала қатты суық болған соң мектеп маңындағы дүкенге жылынып алуға кіреді.

Шыққан соң бірден мектеп жаққа аяңдады. Қызыл пальтодағы қызын бірден таныды, қасында бейтаныс әйел бар, екеуінің қолұстасып бара жатқанын көріп Гүлімнің есі шықты. Бірден жүгіріп қастарына барды. Бірден білді, ол Айжанның туған анасы еді.


мГүлім күйеуі екеуі Айжанды 2 жасында асырап алған болатын. Бір жыл бұрын жолдасы көз жұмған еді.


Одан бері 8 жыл өтіпті. Туған анасы Айжанды 2 айында балалар үйіне өткізіп тастаған болатын. -Мұнда не істеп тұрсыз?-деп дүрсе қойды Гүлім.

-Не істегені несі? Туған қызыммен сөйлесіп тұрмын да!

-Алдымен бас тартып, енді керек боп қалды ма сонда?

-Кім қателеспейді дейсің? Ісіме өкінем, қызымды қайтарғым келеді. Сондықтан кедергі келтірме,- дейді анасы Айжанның қолынан ұстап.

-Айжан, үйге жүрші,-деп жыламсырады Гүлім.

-Сіз менің туған анам емессіз, мен мамаммен кетем,- деп Айжан кете барды...

Гүлімнің жүрегіне біреу қанжар сұғып алғандай, көзі тұмандана соңдарынан қарап қала берді...

Айжан сол түні үйге келмеді. Бірақ Гүлім тоқтамай қызына қоңырау шала берді. Бірақ қызы тұтқаны көтермеді.

Сол кеткеннен Айжан ертесі бір келді. Екі көзі төрт көз боп күтіп отырған Гүлім жүзі бал-бұл жайнап қызын тас қып құшақтап алды.

-Киімдерімді әкетейін деп келдім,-деген Айжанның дауысын естігенде, бірден құшағынан босата қойды.

-... Жақсы... Бірақ саған ренжімеймін, қызым. Қандай жағдай болса да сені жақсы көремін. Осында күтемін,-деді Гүлім көз жасын сүртіп.

Бір ай өтті. Қайғыдан қан жұтқан Гүлім арасында қызын сырттай көруге мектепке барып қайтады.

Бір күні есік қағылды, ашса қызы Айжан екен. Ол Гүлімді қатты құшақтап, ұзақ жылады.

-Кешіріңізші мені, Ана!-деп қайталай берді кішкентай қыз.

-Айттым ғой саған еш ренжімеймін деп, жыламашы ботам. Мейірлене қызының бетінен сүйе берді анасы.

-Басында маған қымбат ойыншықтар әперді, күнде қыдыртатын. Бірақ кейін жақсы көрмей кетті. Сәл бірдеңе болса ұрады. "Сені жетімдер үйіне өткізгенім дұрыс болды. Негізі мүлде тумау керек еді" дей береді. Бүгін мектептен кешігіп шыққаным үшін сабап, үйден қуып шықты, екінші көзіме көрінбе,-деді деп Айжан жылай берді.

Айжан туған анасының сыйлықтарын қоқысқа тастағысы кеп еді, анасы үйінің қасындағы балабақшаға апар деп ұсыныс айтты.

Одан кейін Айжан туған анасын көрмеді.

...

Баланы жай ғана өмірге әкелу аздық етеді, баласына дұрыс тәрбие беріп, бар маxаббатын сыйлаған жан-міне, Нағыз Ана!


Жанат Бақыт




Көрілген: 950    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.02.2019, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 09:40
    Баламды бергім келеді
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30