Отбасы - ошақ қасы

Тағдырым осынша жазалайтындай не жаздым?

  • Тағдырым осынша жазалайтындай не жаздым?

    Тағдырым осынша жазалайтындай не жаздым?

 Мен түылғаннан басталған қатал тағдырымды жазып жеңілдегім келді, мүмкін біреулерге сабақ болар. Ұзақ болса кешіресіздер


 
Мен туғанда 7 айлық болып түылыппын,  маған екпе салған екен, содан ДЦП гиперкинетическая форма деген диагноз койды дәрігерлердің кесірінен 7 жасыма дейін жүре алмадым, Бармаған жерім, баспаған тауым жоқ. анам небір дәрігерлерге, емшілерге апарды, əйтеуір жүрдім, шүкір. 

Өзім әрең жүргенде ата анамның арасына анамның түған келіні от салып, əкемді өзіне дуалап алды, сол үшін үйімізден береке кетті. Күнде айғай-шу, тіпті анам екеуміз кыстың аязында көшеде қалған кезіміз болды. Үлкен бауырларым қалада оқуда жүрді, қиындықтын бəрін мен көрдім анам ажырас деп едім тыңдамай бəріне шыдады. Солай жүріп əкемді қайтардық кәзір аралары жақсы. Аллаға шүкір.

Одан кейін менің өз өмірім басталды, маған ешкім ештеңе үйретпеді үй шаруасында басы-қасында өз сана сезіммен үйрендім. Алла маған денсаулықты кем қылып берсе де, түр мен ақыл-ес сана беріпті. Маған
түсінікпен карап жақсы көріп сөз салғандар көп болды. Бірақ олардың түыстары достары түсінбей маған дуалап алдың деген сияқты сөздер айтатын. Менің ен бірінші арманым бір үйдің келіні, біреудін сүйікті жары, аяулы ана болу еді. Содан бір жігітпен жүрдім оның əпкесі де маған айтпағанды айтты. Менінде үй ішім үнатпады сонымен үрсысып айырлыстық. Одан кейің жолдасым кездесті басында жақсы дос болдық мен оған өзім тұралы бәрін айттымн Ол сөз салды мен көнбеп едім, ақыры сол жеңді ол менің көрген қиындығымды ұмыттырды, бақытты етем деп барын салды, шын сүйгенін дәлелдеді менің бар кемшілігімен сүйді тұрмысқа шықтым бір үйдің келіні болдым. Енді бақытты болам, бəрің жеңдім дегенде Алла ол бақытты да көп көрді жолдасымды Алла алып кетті аяқ асты. Менің мұнды күндерім қайта айналып келді. Өз өзіме қол салып та көрдім әлі күнге дейін сол ой келеді не істеймін білмеймін... Жалғыздықтан да шаршадым... Ендігі өмірім не болады соны ойласам өзімді қоярға жер таппай кетем мен мұңда жазып ішімді босатқым келді сыртым бүтін ішім түтін...




Көрілген: 2885    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.10.2020, 16:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31