Отбасы - ошақ қасы

Танымал адамға тоқал болған келіншек бәйбішемен қалай тіл табысу керектігін айтты

  • Көрнекі фото.   © portal-kino.com

    Көрнекі фото. © portal-kino.com

9 жасында алып қашудың құрбаны болған келіншек өмір тарихымен бөлісті. Шаңырақ көтерген сәттен бастап таяқтан көз ашпаған әйел бір жылға жетпей үш айлық ұлымен далада қалған. Қиындыққа мойымаған ол 13 жылдан кейін отбасылы еркекке көзі түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Келіншектің айтуынша, Астанада жүргенде алматылық танымал адамды ұнатып қалған.


"Бір күні тәуекел етіп Астанадан арнайы ұшып келдім де, жақсы көретінімді айтып, кері қайттым. Арада біраз уақыт өткен соң қазіргі күйеуім өзі іздеп келді", - дейді ол.


Әйел адам қоғамдағы кәрі қыздар мен жалғызбасты келіншектердің көп болуы өздерінің эгоист болуынан және еркектің қалтасын ойлауынан деп түсіндірді.


"Жігітім ақша берсе алмаймын, кездескен сайын бизнес ашып беретінін айтады. Мен қажет емес, алдымен балаларың мен бәйбішеңе көп көңіл бөл деймін. Осындай сөздер жігіттің суынбай, одан әрі ықыласының артуына себепкер болуда", - деп ойымен бөлісті келіншек.


Оның айтуынша, күйеуінінің бәйбішесі өзін тауып алып, әрекетіне риза екенін, жолдасы қазіргі уақытта отбасына бұрынғымен салыстырғанда көп көңіл бөліп жүргенін жеткізіпті.


Келіншек бәйбішесімен құрбы болғанын алға тартты. Оның сөзінше, бәйбішесі өзін көп іздеп тұрады екен.


Тіптен кейбір мәселелерді бәйбіше отағасына келіншек арқылы айтқызатын көрінеді.


"Екеміздің де мақсатымыз отағасының ұрпағын өрбіту, бірақ менің оған денсаулығым дайын болмай жүр", - деп сөзін аяқтады екінші рет отау құрған келіншек. 




Көрілген: 1361    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.03.2019, 21:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31