Отбасы - ошақ қасы

Төсектес болғанымыздан кейін жігітім мүлде өзгерді

  • https://klike.net/

    https://klike.net/

Сәлеметсіздер ме! Мұнда біреу қуанышын бөліссе, біреу қайғысын айтып жеңілдейді. Мен де осы сайттың оқырмандарынан, әпкелерден кеңес сұрамақпын.

Жасым 23-те, тұрақты жұмысым бар. Ата-анам ештеңеден таршылық көрсетпей өсірді, Аллаға шүкір. Осыған дейін 3 жыл жарым бір жігітпен жүрдім, жақсы көрдім, үйленеміз деп екі жақпен де таныстық. Бірақ соңғы уақытта оның басқа қыздармен сөйлесіп жүргенін білдім, кешірдім бәрін қояр дедім... Бірақ түзелмеді ішіп, достарымен қаңғуды шығарды, мен танымайтындай өзгеріп кетті.

Біз жақындасып қойғанбыз. Ол маған "сен қайда барасың үйдегілеріңмен танысып қойдық, сен менікісің" деп айтып жүрді. Сезімім суып кетсе де сол үшін, өзімнің күнәмді өзім көтеремін шыдаймын деп жүрдім, оның жағдайы бізге қарағанда төмендеу тұрақты жұмысы да болмады, мамаларым жақсы жұмыстар ұсынып еді, істегісі келмеді!

Мен осыдан 3 ай бұрын шешім қабылдап, одан кетіп қалдым, анама түсіндіріп айттым, жеңешем басынан қарсы болған ол баланы ұнатпады мүлде!

Қазір қайта мазалап жүр сен кетпеші бәрін жасаймын' енді түсіндім қадіріңді дейді! Бауыр басып қалыппын, көргенде қиналамын, тек бүкіл жігітке деген сезімім мен сенімімді сол алып кеткендей!

Сіздерден сұрайын дегенім қазір бір бала сөз салып жүр үйленуге, жұмысы, үйі бар отбасы жақсы. Мені жақсы көретінін сезем. Жеңгем де жақсы бала деп қоймайды. Менің өмірім жайлы барлығын біледі. Маған ештеңе маңызды емес, тек қасымда болшы деп жүр!

Ал менде оған деген сыйластықтан басқа сезім жоқ, ішім жылымай-ак қойды, жақсы көре алмайтын секілдімін. Жеңгем сен оның түріне қарап менсінбей жүрсің ғой, өзің түзеп аласың, үйреніп кетесің дейді. Өзіңді сүйгенге шық дейді, білмеймін, ойланып басым қатты, тұрмысқа шыққаннан кейін жақсы көріп кету мүмкін бе? Өкінгім келмейді.

Сіздерден кеңес күтемін!


Аноним

 




Көрілген: 9197    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 11:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31