Отбасы - ошақ қасы

Туысыма тұрмысқа шықтым...

  • Туысыма тұрмысқа шықтым...

    Туысыма тұрмысқа шықтым...

 Мен өмірнен үзінді айтсам ба деймін.Мен өзімнің алыс туысқаным болып келетін адамға тұрмысқа шыққанмын. Жеті атадан асқан. Ол екеуміз бірге оқыдық.Бала күнімізде басталған еді бәрі. Бір-бірімізді бала күнімізден ұнаттық. Қанша жолықпайық, ұмытайық деп те қиналдық, бірақ ұмыта алмадық. Студент кезімізден жасырын кездестік. Ең қиыны, ол жасырын кездесу еді. Екеуміз бір-біріміздің есімімізді басқаша жазып қоятын едік...Аға қарындас немесе жақын достар  сияқты жүретінбіз.


Шыны керек, талай күндерім жылаумен өткен. Бірақ ол әскерден келген соң маған ештеңеге қарамай-ақ үйленеміз деді. Ең бастысы, жеті атадан асқанбыз, қанымыз бір емес деді. Бірақ ата-анамыз батасын бермеген. Міне, сол кезде бір-бірімізден бас тарту қиынға соққан.Ол Алматыда әскерде борышын өтеп келген кездер еді. Солай 6 жылымыз өте швқты. Жүрмей-ақ кетейікші деп тек бір ай әзер шыдағанбыз. Солай ата-анамыз келіспеген соң бірге Алматыға кетіп қалдық. Әрине, қиынға соққанымен шыдауға тура келді. Пәтер жалдап, екеуміз жұмыс істеп, әйтеуір қазір ипотекаға үйімізді алдық. Біраз қиыншылық та көрдік. Кей кездерде өкінген күндерім де болды. Ренжіскен күндеріміз де көп болды .Бірақ,ең бастысы бір бірімізді тастап кетпедік...Елдің де айтпағаны жоқ. Бірақ жолдасым ондайға мән бермеді. Кейін екі жылдай ата-анамызға қатынаспадық...Әрине қиынға соқты. Кейін өздері шақырып баталарын берді.Қазір қарап отырсам ақыры шын сүйсе бәріне жетуге болады.Қазір өз қыздарындай көріп кетті, бір әулеттің келімін. Екі жақ бір ымыраға келді. Бірақ той жасамадық.Тек құдалық өткіздік. Басында келін болғанымда қызық болды. Ең бастысы бала күнімнен сол үйде өскен соң ба, кейін келін болып түскеніммен ешқандай қиналмадым. Демалыс алып,  1 айдай жатып қайта Алматыға келдік. Қазір осы жақтамыз. Анасы өте жақсы адам. Папамыз кішкене қаталдығы болмаса, ол да жақсы. Ең бастысы сүйген адамыммен біргемін..Қазір жолдасым екеуміз бақыттымыз. Бұрыңғы көрген қиыншылығымызды еске алып күліп те, кейде жылап та аламыз.Жақында бұйырып жатса ұлды болармыз .Ең бастысы, сенім,сезім,шынайылық. Сондықтан қыздар, шын ұнатсаңдар сезімдеріңізді жеткізіңіздер.Бастарыңызға қонып тұрған бақтарыңызды ұшырып алмаңыздар. 


Аноним




Көрілген: 5094    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.10.2019, 10:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31