Отбасы - ошақ қасы

Əйелі қайтқан еркекке күйеуге шыққым келмейді

  • Əйелі қайтқан еркекке күйеуге шыққым келмейді

    Əйелі қайтқан еркекке күйеуге шыққым келмейді

 Қыз болған соң тұрмыс құрып, ана болуды армандамайтыны жоқ-ау. Мен тағы қызы жиырма бестен асқан соң жақтырмай қарайтын отбасының қызымын. Жоғарғы білімім бар. Қазір, жұмысыма байланысты Жетісайда тұрамын. Асыра айтқаным емес, көркім ешкімнен кем емес,қазақтың ерке қызымын. Десе де, бір жағдайға байланысты маған ешкім сөз салмайды. Қыста танысқан жігітім көктемде жоқ болып кетеді. Себебі мынау, мен төрт жасымда анам шелпек пісірген қазанға түсіп кеткенмін. Содан аяқтан саныма дейін күйіп қалған.

Күйген жерлер буылтық-буылтық болып, адамның көзіне жаман көрінеді жəне жүріп-тұруыма да қиындық келтіреді. Үйдегі үшінші перзентпін. Ағаларым мен інілерім үйленіп қойды. Жалғыз мен қалдым. Жап-жақсы араласып жүрген жігіттер жазда аяғымның күйгенін көргеннен кейін араласпай кетеді. Не істеймін? Жеңге мен келіннің шымшыма сөзіне тойдым. Құрбыларымда кездесе қалсақ, бір түрлі жігіттермен таныстырады. Əйелі қайтқан еркекке күйеуге шыққым келмейді. Сол үшін құрбыларым мен де кездесуді азайттым .Бұрынғы уақытта қыздың жеңгелері ортаға дәнекер болады екен.Жеңгеммен сырласпақ түгілі жөнді сөйлеспейміз де. Қайтсем, бағым ашылар екен?
 




Көрілген: 1422    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 07:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30