Саяси сахна

25 жастағы депутат Мәди Ахметов Маминге алты талап қойды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Мәжілістегі ең жас депутат Мәди Ахметов алғашқы сауалын Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдады.

 

Ол жоғары оқу орындарындағы инфрақұрылымды жаңарту керектігін айтты.

 

Студенттердің тұруына қолайлы жағдай жасамай, олардың бірінші қажеттіліктерін қамтамасыз етпей, білім сапасын арттыру мүмкін емес.

 

Қазіргі таңда 129 жоғары оқу орны мен  795 кәсіптік білім беру мекемесінде 1,1 млн-ға жуық студент білім алуда. Олардың 175 мыңы  (16% пайыз) ғана жатақханамен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, елімізде 80 мыңнан астам студентке жатақхана жетіспейді,- дейді Мәди Ахметов.

 

Депутат жатақхана құрылысына байланысты ақпараттар бір-біріне сәйкес келмейтінін аңғарғанын айтты. Сонымен қатар әлеуметтік бастаманы  жүзеге асырудың нақты бірыңғай жоспары жоқтығын көрсететінін жеткізді. Сол себепті  аталған жұмыстың баяу жүруіне  Үкімет басшысының назарын аудару үшін мынандай ұсыныстар айтты:

 

 

1.    Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығының»

инвесторларға ұсынып отырған шарттарын қайта қарастыруы маңызды.

 

2.     Жатақханаларды салудағы барлық жауапты мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелендіріп, ортақ үйлестіру мәселесін тез арада шешу қажет.

 

3. «Госэкспертиза» мекемесіне «Бес әлеуметтік бастама» аясында салынатын жатақхана құрылысының жобасын қарастыру мерзімін қысқартуды ұсынамыз.

 

4. Келісім-шарттарды жасауда, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы бюрократиялық процедураларды жеңілдету жолдарын қарастыру өзекті.

 

5. Мемлекеттік білім беру грантын орналастыру барысында жоғары оқу орындары мен колледждерге студенттік  жатақхананың міндетті болуы жөніндегі қойылатын лицензиялық талаптарды енгізу қажет.

 

6. Жатақханаларды салатын мердігер компанияларға әр студент үшін жатақханадағы орнына төленетін айлық төлемақысының құнын өсірмеуді келісім-шартта көрсету маңызды деп ойлаймыз.

 

Нақты шаралар қолданбай, дәл осы қалпында қала беретін болса, тапсырманың орындалмай қалу қаупі өте жоғары.Осы мәселелерді қарап, нақты шешімдер қабылдап, нәтижесін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауыңызды сұраймыз,- деді Мәди Ахметов.

 

 

baq.kz




Көрілген: 936    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 12:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30