Саяси сахна

89-бап төңірегінде дүрліккендерге жалғыз Бекболат Тілеухан қарсы шықты

  • 89-бап төңірегінде дүрліккендерге жалғыз Бекболат Тілеухан қарсы шықты

    89-бап төңірегінде дүрліккендерге жалғыз Бекболат Тілеухан қарсы шықты

Егер адамның өміріне, денсаулығына қауіп төнсе, біздің конституция сол жерде заңмен шектеу жасауға толық мүмкіндік беріп отыр. Осы орайда конституцияға қайшы емес. Біздің 39-бабымызда көрсетілген, егер адамның өміріне, денсаулығына қауіп болса, басқа заңмен оның құқығын, яғни білім алу, еңбек ету құқығын шектеуге мүмкіндік бар.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі жобасы бірінші оқылымда талқыланды. Депутаттардан бұл заңның 89-бабындағы вакцинацияны міндеттеуге қатысты мәселеде тек Бекболат Тілеухан қарсы шықты, деп хабарлайды Baq.kz.  

"89-баптың төңірегінде қоғам дүрлігіп жатыр. Оны жасырмаймыз. Мен сайлаушылардың аманатын жеткізе отырып, 89-бапқа қарсы шығатынымды жеткізгім келеді. Жұмсақ күш, иландыра түсіндіру әдісімен көндірудің орнына бас-көз жоқ, міндеттеп, заңға қондырып, тізеге салудың қандай қажетілігі бар, Елжан Амантайұлы? (денсаулық сақтау министрі Біртанов - ред.) Үкімет күшіне сенбей ме, әлде еріне ме? Өркениетті елдерге тән қадамға жата ма? Мен өзім вакцинаға қарсы емеспін. Балаларыма салдырғанмын, өзімде кезінде алғанмын. Көзі ашық, есі дұрыс адамға айтса, түсінетін нәрсе ғой. Неге заңмен міндеттейміз? Бас прокуратурадан сұрайтыным, сонда бас тартқан адам заң бұзған болып санала ма? Конституцияның 29-бабында әр адам денсаулығын қорғауға құқығы бар, бірақ міндеттей алмаймыз деп жазылған. Мына заң осыған қайшы емес пе? Осыны маған түсіндіріп берсеңіздер, әйтпесе, қоғамға түсіндіру қиын болады", - деді Бекболат Тілеухан. 

Депутаттың сауалына жауап берген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов вакцинацияны міндетті түрде енгізу инфекциялық аурулардың алдын алу екенін түсіндірді. 

Вакцинацияны міндетті түрде енгізу - ол инфекциядан басқа азаматтардың денсаулығын сақтау. Себебі, қазіргі таңда балалардың ата-аналарының екпеден бас тартуынан бұрынғы инфекциялық аурулар қайта шығып жатыр. Бірақ одан тек қана сол балалар емес, басқа да көптеген медициналық ауруларға шалдыққан балалар сырқаттануда. Көп мемлекетте кейбір вакциналар міндетті түрде салынады. Атап айтқанда, басқа азаматтардың денсаулығын сақтау - ол үкіметтің міндеті", - деді Елжан Біртанов.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, екпе салуды Заңмен міндеттеу конституцияға қайшы емес екен. 

"Біздің конституциямыз екі баптан тұрады. Жалпы бап және арнайы бап. Біздің құндылықтарымыз адам, адамның өмірі, адамның денсаулығы деп біздің негізгі заңымызда көрсетілген. Сондықтан, конституцияның жалпы бөлімі арнайы бөлімнен бір саты жоғары тұрады. Егер адамның өміріне, денсаулығына қауіп төнсе, біздің конституция сол жерде заңмен шектеу жасауға толық мүмкіндік беріп отыр. Осы орайда конституцияға қайшы емес. Біздің 39-бабымызда көрсетілген, егер адамның өміріне, денсаулығына қауіп болса, басқа заңмен оның құқығын, яғни білім алу, еңбек ету құқығын шектеуге мүмкіндік бар. Өйткені, адамның өмірі ең құнды деп есептеледі. Біздің сараптамамыз бойынша конституцияға бұл нормалар қайшы келмейді", - деді Марат Ахметжанов.

 

 




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 21:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30