«ADAL» партиясының төрағасы Халықаралық сәулет академиясының профессоры атағына ие болды
ЮНЕСКО құрған Халықаралық сәулет академиясы «ADAL» саяси партиясының төрағасы Серік Сұлтанғалиға академия профессоры атағын берді.
Серік Сұлтанғали Халықаралық сәулет академиясына кіру үшін іске асырылған жобалардың тізімін ұсыну қажет екенін түсіндірді. "Мен жүзеге асырған барлық жобалардың шамамен 25 %-ын ұсындым: Абай атындағы опера театры, Алматы қаласындағы орыс драма театры, Әлібек Дінішев театры, Алматы мен Жамбыл облысында салынған мектептердің жобалары. Сондай-ақ, мен комиссияға Түркістан, Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы үш вокзалдың ғимараттарын қайта құру бойынша әзірленген жобаларымды ұсындым", - деді "ADAL"партиясының төрағасы.
Серік Сұлтанғалиға профессор атағын беру туралы шешімді академия комиссиясы қабылдаған.
Халықаралық сәулет академиясын 1987-1988 жылдары ЮНЕСКО Халықаралық ұйымы құрған болатын. 1988 жылы БҰҰ аккредитациясын алған. Академия қызметі сәулет пен сәулеттік білім беруді дамытуды ынталандыруға бағытталған.
Академияның 39 елде белсенді мүшелері бар. Үш жылда бір рет халықаралық Сәулет академиясының (IAA) Бас Ассамблеясының отырысы өтеді. Онда академия мүшелері жарғыны толықтырады және жаңа академиктерді сайлайды. Академия сонымен қатар сәулет бойынша Бүкіләлемдік триенналды өткізеді.
Анықтама:
2013 жылы Қазақстанда «Бірлік» саяси партиясы құрылды. Партия төрағасы Серік Сұлтанғали.
2020 жылдың 5 қарашасында «Бірлік» өз атауын «ADAL» деп өзгертті (қаз. «Адал» - «адалдық»).
Партияның саяси кеңесінің мүшелері:
Серік Сұлтанғали, Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Алина Асқарова, Мақсат Толықбай, Алмасбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Игорь Шацкий, Лаура Маликова, Ляззат Шыңғысбаева, Жигули Дайрабаев, Ғалымбек Жақсылықов, Ақмарал Бекмырзаева, Нұрлыбек Мәлелов, Ғани Абадан.
БАҚ үшін байланыс мәліметтері:
Назым Жангазинова: +7 701 887 83 26
Айдана Ибраева: +7 702 667 07 00
E-mail: press@adalpartiyasy.kz