Саяси сахна

А. Мамин ҮАААЖ құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды

  • https://primeminister.kz/

    https://primeminister.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биыл 1 шілде күні Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) салыну барысын тексерді.

 

ҮАААЖ – Қазақстан мен Орталық Азиядағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы жол құрылысының ірі инфрақұрылымдық жобасы.

 

Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 150 млрд теңгені құрайды.

 

Жобаны Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразия даму банкі қаржыландырады.

 

Концессия шартына 2018 жылы 20 жыл мерзімге қол қойылды.

 

Концессионер – «Алсим Аларко», «Макйол Иншаат», «СК Экоплант», «Корея Экспрессвэй» секілді Түркия және Оңтүстік Корея компаниялары құрған «ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар» ЖШС.

 

 

Алматы қаласының төңірегіндегі ұзындығы 66 км және алты жолақты қозғалысты үлкен айналма автомобиль жолы I техникалық санат параметрлеріне сәйкес келетін болады. Автожол құрылысымен қатар жаңа көпірлер, көлік жол айрықтары мен эстакадалар салу көзделген.

 

Жобаны іске асыру көлік қызметін көрсету сапасын арттырады, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, автомобиль көлігінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтады.

 

ҮАААЖ пайдалануға берілгеннен кейін барлық транзиттік ағын – тәулігіне шамамен 38 мың автомобиль Алматы қаласын айналып өтетін болады.

 

Бұл ретте Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалдау көлемі өседі деп күтілуде.

 

Құрылыс алаңына шамамен 1600 адам мен 600 бірлік техника жұмылдырылған. Құрылыс аса белсенді жүргізілетін кезде 3 мыңға жуық адамды тарту жоспарланып отыр.

 

 

Үкімет басшысы құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын арттыруды және барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, кестеден 2 жылға ертерек, жұмысты 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

 

«ҮАААЖ құрылысы Алматы агломерациясын ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту үшін де маңызды», — деді А. Мамин.

 

 

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 19:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30