Саяси сахна

АҚШ елшісі Мәскеуден кетуден бас тартты - БАҚ

  • © Thibault Vandermersch/Pool via REUTERS

    © Thibault Vandermersch/Pool via REUTERS

АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Салливан Сыртқы істер министрлігі басшысының Вашингтонға кеңес алуға бару туралы ұсынысына қарамастан Мәскеуден кетуден бас тартты, - деп хабарлайды РИА Новости.

 

Бұл туралы Axios порталы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Ол ресейлік тарап Салливанды Ресейден кетуге "мәжбүр етуі керек" деді.

 

Айта кетейік, 16 сәуірде Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Ресей тарапы Салливанға "Вашингтонға барып, онда егжей-тегжейлі, байыпты кеңес өткізуді" ұсынғанын айтты. Мұны Ресей мен АҚШ-тың Вашингтон мен Мәскеудегі елшілері жағдайды талдау және кеңес беру үшін өз елінің астанасында болуы керек деп түсіндірді.

 

Бір күн бұрын АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізген. Олар 32 адам мен ұйымдарға, ресейлік мемлекеттік облигацияларды тікелей сатып алуға әсер етеді. Сонымен қатар, он ресейлік дипломат елден шығарылған.

 

Бұған жауап ретінде Мәскеу он америкалық дипломатты Ресейден шығаруды ұсынған. Сондай-ақ, АҚШ дипломатиялық миссия қызметкерлерінің сапарлары тоқтатылды және олардың елдегі қозғалысы шектелді, Мемлекеттік департамент пен басқа ведомстволар бақылауындағы америкалық қорлар жұмысы тоқтатылған болатын.

 

Сонымен қатар, Ресей билігі АҚШ әкімшілігінің қазіргі және бұрынғы сегіз шенеунігіне елге кіруге тыйым салған еді.

 

 

 

kaz.tengrinews.kz

 

 




Көрілген: 716    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 10:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31