Саяси сахна

АҚШ Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан 9 мың ауғанды уақытша қабылдауды сұрады

  • АҚШ Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан 9 мың ауғанды уақытша қабылдауды сұрады

    АҚШ Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан 9 мың ауғанды уақытша қабылдауды сұрады

Вашингтон америкалық әскерді Ауғанстаннан шығарғанға дейін Орталық Азияның үш елінде ауған азаматтарын орналастыруды қалап отыр

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Ауғанстаннан шетелдік әскерилер шығарылып жатқан уақытта Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстаннан АҚШ-қа көмектескен 9 мыңға жуық ауғанды уақытша орналастыруды сұрады. Бұл туралы Блумберг агенттігі ақпарат көзіне сүйеніп хабарлады.

Ақпаратта Вашингтон америкалық әскерді шығару аяқталғанға дейін Орталық Азиядағы үш елде ауғандық көмекшілерді орналастыруды көздеп отырғаны жазылған.

Агенттік мәліметі бойынша, АҚШ Өзбекстан және Тәжікстандағы әріптестерімен осы елдердің аумағында барлау операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретін келісім жобасын талқылап жатыр.

Біраз бұрын New York Times газеті әкімшіліктегі ақпарат көзіне сілтеме жасап, АҚШ америкалық әскерилермен әріптестік орнатқан мыңдаған ауғанды басқа елдерге орналастыруға дайындалып жатқанын хабарлады. Америка осы арқылы аталған ауғандардың тәлібтердің құрбанына айналуына кедергі жасағысы келеді. Бірақ АҚШ ол адамдар ақырында америкалық визаға қол жеткізетініне кепілдік беріп отырған жоқ.

АҚШ әкімшілігі 1 мамырдан бастап 11 қыркүйекке дейін Ауғанстан аумағынан өз және НАТО әскерін толық шығаруға уәде етті. 2020 жылы Вашингтон мен "Талибан" өкілдері Дохада 18 жылға созылған соғыстан кейін алғаш рет бейбітшілік туралы келісімге қол қойды. Ол құжат 14 айдың ішінде Ауғанстаннан шетелдік әскерді шығаруды және тұтқындармен алмасқаннан кейін ауғанаралық диалог бастауды қарастырады.

Ал жұма күні белгілі болғандай, АҚШ пен коалиция әскерилері Ауғанстандағы ірі авиабаза Баграмнан кетті. Ауғанстан қорғаныс министрлігінің өкілі Фавад Аман аталған авиабазаға бақылау елдегі қауіпсіздік күшіне өткенін растады, деп жазды РИА Новости.

Баграм базасы Кабулдың солтүстігінде орналасқан. Аталған нысанды 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысы кезінде кеңес әскерлері қолданды. 2001 жылы АҚШ әскері Ауғанстанға келгеннен кейін ол американдық күштердің негізгі базасына айналды.

Бір күн бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Тәжікстан мен Өзбекстанның сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен Ауғанстандағы реттеу мәселесін талқылады, деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаменті.

Блинкен Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар өңірлік қауіпсіздік жайын талқылап, Ауғанстандағы реттеу жұмыстары өңірдегі экономикалық өсім мен интеграцияға ықпал ететінімен келісті.

Өзбекстанның СІМ басшысы Абдулазиз Камиловпен кездесу барысында Блинкен әріптесіне Ауғанстанда бейбітшілік орнатудағы ұзақмерзімді қолдауы үшін алғыс білдірді.

sputnik.kz




Көрілген: 909    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 01:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30