Саяси сахна

АҚШ-Ресей: Қазір қандай санкциялар салынып жатыр

  • АҚШ-Ресей: Қазір қандай санкциялар салынып жатыр

    АҚШ-Ресей: Қазір қандай санкциялар салынып жатыр

Бүгінгі күні "ауыр санкциялар" АҚШ ақпарат алаңы мен заңнамалық күн тәртібіне оралып жатыр

Қазір сенаторлар мен конгрессмендер - рубль, Ресейдің мемлекеттік облигациялары, мұнай компаниялары мен газ құбырларына "соққы" жасауды көздейді, деп хабарлайды РИА Новости.

Америка Құрама штаттары "бонус" ретінде "Ресей - терроризмге демеуші ел" деп ресми түрде жариялауы мүмкін. Оған санкциялық салдар да қосылады.

Америка парламентінде Ресейге қарсы бағытталған бірнеше санкциялық бастама әртүрлі кезеңінде қарастырылып жатқандықтан ресейлік экономика мен қаржы секторының қандай сегменттеріне қысым жасалуы мүмкін екенін кейде болжау қиын.

Егер "жоғарыдан" бүкіл санкциялық ландшафтқа қарайтын болсақ, Ресейге қарсы шаралардың үш пакетін атап өтуге болады. Бұндай бірінші пакет "Солтүстік ағын – 2"-ге қарсы жанама санкцияларды қарастырады.

Бұған қоса, америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ол Штаттардың 2020 жылғы әскери бюджетіне қосылды. Бұл құжатқа сәрсенбі күні конгрессте дауыс берілді.

Екінші санкциялық пакет – бұл да "Солтүстік ағын – 2" бойынша соққы. Бұл одан да тікелей соққы деп айуға болады.

Егер осы заң жобасына да конгресс пен сенатта дауыс берілсе, одан кейін оған Трамп қол қойса, ресейлік газ құбырының демеушілері, яғни оның құрылысын қаржыландыратын еуропалық компанияларға санкциялар салынады.

Бұл шаралардың тиімділігінде күмән бар әрине, себебі газ құбыры аяқталып қалды, ал барлық қажетті қаржыландыру тартылды.

Ал үшінші санкциялық пакет – бұл "ауыр санкциялар". Олар Ресей банктері, киберсекторы, жаңа мемлекеттік қарызы, мұнайгаз секторы мен кейбір тұлғаларға қарсы болмақ.

sputniknews.kz




Көрілген: 955    Пікірлер: 0

жұма, 13.12.2019, 20:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31