Саяси сахна

Алмазбек Атамбаевтың жағдайы нашарлап кетті

  • Алмазбек Атамбаевтың жағдайы нашарлап кетті

    Алмазбек Атамбаевтың жағдайы нашарлап кетті

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Бұл туралы оның адвокаты Замир Жоошев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Замир Жоошевтің айтуынша, Атамбаевтың инфаркт алу қауіпі бар, ескі аурулары да асқынған. Атап айтқанда, арқадағы ауырсыну күшейе түскен. Алайда сот бір ай бұрын тағайындаған сот-медициналық сараптама әлі аяқталған жоқ.

 
Адвокаттың сөзіне қарағанда, 148 парақ медициналық тарих көшірмесі судьяларға берілген. Ол сараптама тағайындалғанын нақтылады.

"Алмазбек Атамбаевты кешенді емдеу керек. Ол оны колония жағдайында ала алмайды. Біз оны ауруханаға жатқызу үшін санкцияны үй қамауына өзгерту туралы бірнеше рет өтініш білдірдік. Бірақ бас тартты", – деді Замир Жоошев.

Еске салайық, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 2019 жылғы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлық фактілері және қылмыстық кірістерді заңдастыру айыптары бар.

Қаңтарда Қырғызстанның экс-президенті тергеу изоляторынан колонияға ауыстырылды.




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 01:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31