Саяси сахна

Америкадағы президент сайлауы: Бүгін – шешуші күн

  • Америкадағы президент сайлауы: Бүгін – шешуші күн

    Америкадағы президент сайлауы: Бүгін – шешуші күн

Сейсенбінің таңынан АҚШ-та дауыс берушілер сайлау учаскелерінің алдында (көбі таңғы алтыдан ашылған) ұзын-сонар кезекке тұрған. 3 қараша &ndash елдегі президент сайлауының шешуші күні. Алайда дауыс берушілердің көбі, шамамен 100 млн адам, дауыстарын пошта арқылы жолдап алдын ала дауыс беріп қойған, деп хабарлайды euronews.com.

Республикалық партия атынан сайлауға түсіп жатқан кандидат және қазіргі ел президенті Дональд Трамп Виргиния штатындағы сайлауалды компаниясын аяқтап, өзінің сайлау штабының жүзге тарта мүшесін Ақ үйдің Шығыс жақ бөлмесіне шақырған. Онда олар 4 қараша күні түнде шығатын сайлаудың алдын ала нәтижелерін бірге күтпек.

Дональд Трамп Твиттерде Village People диско-тобының музыкасын қойып, өз жақтастарын дауыс беруге шақырды.

Демократиялық партия атынан сайлауға түсіп жатқан кандидат Джо Байден де осындай үндеу тастаған, тек музыкасыз. Ол өзінің сайлауалды турын Пенсильванияда аяқтады.

Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 6-да шығыс штаттардағы сайлау учаскелері дауысты санау үшін жабылады. Ең соңғы болып, осыдан 6 сағат өткен соң, Аляскадағы сайлау учаскелері жабылады.

Алдын ала дауыс берген жұрттың қарасы көп болғандығына байланысты сайлау учаскелеріндегі сауалнаманың мәліметі сайлау қорытындысындағы мәліметпен сай болмауы мүмкін.

ҚазАқпарат




Көрілген: 271    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 08:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31