Саяси сахна

Асқар Мамин ЕЭК Алқасының төрағасымен ЕАЭО дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы ақпан айынан бастап өз міндеттерін атқаруға кіріскен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады.

 

«Өзіңіз білетіндей, еуразиялық интеграция идеясын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі дамуына баса көңіл бөледі», — деді А. Мамин.

 

ЕАЭО жұмыс істей бастаған кезеңнен бері Қазақстанның серіктес елдермен өзара саудасы 23,3%-ға – $16,3 млрд-тан $20,1 млрд-қа дейін өсті. ЕАЭО елдерінен келген инвестициялар ағымы $5,5 млрд асты, бірлескен кәсіпорындар саны шамамен 12 мыңға дейін, 2 есеге ұлғайды.

 

Сонымен қатар, Үкімет басшысы ЕАЭО ішкі нарығының жұмысы аясында тым көп тосқауылдардың — 66 кедергінің бар екенін атап өтті.

 

«Кедергілерді жою, классикалық “төрт еркіндікті” (тауарлар, қызметтер, капитал, жұмыс күші) қамтамасыз ету және өзара сауда көрсеткіштерін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қажет. Бұл іскерлік орталарға, жалпы, ЕАЭО-ға қатысушы елдердің тұрғындарына интеграциялық жобадан нақты пайданы сезінуге мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

 

 

Тараптар 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары жобасының әзірлену барысын, ЕАЭО аясында техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіруді, сондай-ақ ЕЭК жұмысының регламентін сақтау мәселелерін талқылады.

 

Кездесуге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов және ЕЭК Алқасының төрағасы хатшылығының басшысы В. Зиновский қатысты.

 

primeminister.kz

 




Көрілген: 188    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 13:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30