Саяси сахна

Асқар Мамин Түркістанда халықаралық автобекеттің ашылуына қатысты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысына кезекті сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған жұмыс тобы ең алдымен халықаралық автобекеттің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Асқар Мамин халықаралық автобекеттің ашылуымен құттықтап, игі лебізін білдірді.


ҚР Премьер-Министрі мен Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев салтанатты жағдайда лентаны қиды. Бұл автовокзалға тапсырыс беруші «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС. Мердігер мекеме – «ЮгСтройконструкция» ЖШС. Нысанның құрылысы биыл, яғни 2019 жылдың сәуір айында басталып, 2019 жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.


Халықаралық автобекет Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында орналасқан. Шығыс үлгісінде салынып жатқан нысанның жалпы аумағы 2,4 га құрайды. Жоспарға сай, 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған. Тәулігіне 10-мың адамға дейін қызмет көрсете алады.







Автобустар Алматы, Нұр-Сұлтан секілді бағыттарымен қатар, облыстың өзге де аудан қалаларына жүргізілетін болады. Нысанның ішінде ана мен бала бөлмесі, күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Сондай-ақ автовокзал аумағында барлық стандартқа сай автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындары ашылу жоспарланып отыр.




 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сенбі, 17.08.2019, 16:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30