Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың 28 жастағы ұлы жаңа қызметке ие болды. Жансұлтан Сапарбаев елорда әкімдігіндегі бос орынға орналасу бойынша конкурста жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жансұлтан Сапарбаев иеленген қызмет – қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары.
«2019 жылғы 17 қазанда өткен бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналастыру үшін кандидаттармен өткізілген әңгімелесу нәтижесі: «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары (D-O-2 санаты, 1 бірлік) – Сапарбаев Жансултан Бердибекулы», - делінеді хабарламада.
Айта кетсек, Жансұлтан Сапарбаев 2019 жылдың 14 наурызынан бері Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді.