Саяси сахна

Біз бәсекеге түсе аламыз ба?

  • Forbes.kz

    Forbes.kz

Еуразиялық одақтағы импорт алмасу, экспорт және бәсекелестік деңгейі қандай болады? Одаққа мүше мемлекеттер әлемдік нарықпен терезесі тең таласқа түсе ала ма? «Еуразия әлемі» пікірсайыс клубына қатысқан саясаттанушылар мен экономистер осы мәселені талқыға салды. 


Жиынның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша бәсекелестік туралы айтқанда біздің ел жиі жағдайда Финляндияның тәжірибесіне үңіледі. Аталған елдің Еуроодақтағы үлесі аса ауқымды болмағанмен, әлемнің нарықтағы бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Елдің инновациялық жүйесі мемлекет, кәсіпорын және университеттермен арадағы өзара байланысқа негізделген. «Ал біздің елде ғылыми орталықтар мен өндірістік кәсіпорындардың арасындағы байланысы әлі де аз. Жоғары оқу орындары инновациялық өнімдер жасап шығаруға қауқарсыз» дейді Полетаев.

Өз кезегінде «Экспорт және инвестиция бойынша» ұлттық агенттік» төрағасының кеңесшісі Сәуле Ахметова әлемнің экспортты қолдаудан әлдеқашан бас тартқанын тілге тиек етті. «Мұның себебі бар. Айталық, мемлекет белгілі бір саланы қолдай, қорғай түскен сайын ол сала өзінің өмірге бейімділігінен айырылады. Бұл тек тауарға ғана емес, сонымен бірге инвестицияға да қатысты. Біз экспорт алға жылжытқаннан бұрын, осындай өнім өндіретін кәсіпорындарды экспорттауға үйретуіміз керек» деді ол.

Экономикалық сарапшы Сергей Смирновтың пікірінше дәл қазір одақ аясында біріккен кәсіпорындар құру қауіпті. «Дәлел керек пе? Айталық, біздің жанармай нарығы. Кеңес одағы құлаған тұста Қазақстан мен Ресейнің мұнай өңдеу зауыттары бір деңгейде болатын. Ал қазір қалай? Біз әлі күнге Еуро-2 стандартындағы жанармай өндіріп келемін. Ресей болса әлдеқашан Еуро-5 стандартына көшкен. Сайып келгенде біз Ресеймен бәсекелесе алатын деңгейде емеспіз. Сол себепті арзан әрі сапалы ресейлік бензин көбейіп кетсе, отандық жанармай нарығының «өліп» қаларын біліп шекараны жаба қоямыз».

Ал отырысты түйіндеген саясаттанушы Андрей Чеботаревтың пікірінше Қазақстанда әлі де болса сыртқы саудаға бақылау жүргізетін жүйе жолға қойылмаған. «Ортақ өндірістік саясат туралы айтудың өзі қисынсыз. Себебі, Ресей тарапынан сауда саттыққа қатысты көптеген кедергілер әлі күнге алынған жоқ. Сайып келгенде әлі күнге дейін тауар ағынын бақылауға қатысты ортақ саясат қабылданған жоқ деген сөз» деді өз сөзінде Чеботарев.

Автор: Серік Анарбайұлы




Көрілген: 1234    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.04.2015, 09:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30