Саяси сахна

Депутат Әлихан Бөкейхан атындағы көшелер жайлы: елге көрсетудің өзі ұят!

  • Депутат Әлихан Бөкейхан атындағы көшелер жайлы: елге көрсетудің өзі ұят!

    Депутат Әлихан Бөкейхан атындағы көшелер жайлы: елге көрсетудің өзі ұят!

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Әлихан Бөкейханның есімін Алматыдағы әзірге аты жоқ Қазақ ұлттық аграрлық университетіне беру әбден лайықты деп санайды. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қазақстанда Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның атына лайықты бірде бір көше жоқ екеніне ашынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ақ жол" партиясы фракциясының мүшесі биыл Алаш Орда үкіметін басқарған Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына арналған іс-шаралар президенттің ұсынуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы бағдарламасына енгізілгенін еске салды.

Сондай-ақ 31 наурызда Түркі кеңесі мемлекеттерінің басшылары Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойын бірлесе атап өту туралы шешім қабылдады.

Десе де, айтуынша, елімізде Алаш көсемдері лайықты ұлықталмай жатыр.

Депутат елімізде Алаш көсемінің атына лайықты ешқандай көше жоқ екенін айтады. Сондай-ақ ол астанада Бөкейханов көшесі орталықта емес екеніне наразы. Шеттегі ол көшені көбінесе "Мәңгілік елдегі" кептелістен қашқан жүргізушілер жақсы біледі. Алматыдағы Бөкейханов көшесі қала шетіндегі өндірістік ауданның базар артындағы қуыста орналасқан. Шымкенттің шетіндегі Тассай ауылының тасасында қалған Бөкейханов көшесінің ұзындығы 500 метрдей ғана, жиырма шақты үй орналасқан, тіпті жарық жоқ екенін алға тартты халық қалаулысы.

"Алаш Ордасы аталған Семейде де, облыс орталығы Өскеменде де Әлиханға лайықты көше жоқ, шалғайдағы шағын аудандардағы жиырма шақты үйден тұратын шағын көшелер. Қалаларда бірде-бір оқу-мәдени орындары жоқ бұл көшелерді елге көрсетудің өзі ұят!", - деп ашынды Қазыбек Иса премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.
Ол қазақ жерінде біртуар тұлғаның атына лайық көше болмауы және қазақ ауылшаруашылығы ғылымының басында тұрған ғалымға бір де бір жоғары оқу орнының аты берілмеуі Алаш көсемінің аруағына жасалған қиянат екенін айтты. 

Осыған орай, "Ақ жол" партиясы Әлихан Бөкейханның есімін Алматыдағы әзірге аты жоқ Қазақ ұлттық аграрлық университетіне беру әбден лайықты деп санайды.

Сондай-ақ олар Нұр-Сұлтандағы Тұран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында бос тұрған алаңда "Алаш" аллеясын ашып, Әлихан ескерткіші мен Алаш қайраткерлері бюстерін орнатуды ұсынды.

Бұдан бөлек, депутаттар елдегі барлық қаланың орталығынан Әлихан Бөкейхан атына лайықты көше беріліп, Алаш алаңдары ашылуы тиіс деп есептейді.




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 13:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31