Саяси сахна

Дональд Трамп сайлау нәтижесімен келіспей, бірнеше штатта сот процесін бастамақ

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың сайлау штабы поштамен жіберілген бюллетендерді қабылдау және санау процедурасының заңдылығын тексеруді сұрап бірнеше штаттағы федералдық сотқа арыз түсірді. Мұның соңы сайлау нәтижесіне әсер ете ме, жоқ па, әлі белгісіз.

 

Трамп штабы Висконсин штатындағы дауыстарды қайта санауды да талап етіп отыр. Конгрестегі Республикалық партия фракциясының басшылары Джо Байденнің сайланған президент ретіндегі сөздеріне еш реакция білдірмеді.

 

Тек Өкілдер палатасындағы Республикалық партияның мүшесі Стив Скалис Twitter-де қалдырған жазбасында соттарға жіберілген салмақты арыздар бойынша шешім қабылданбайынша, сайлаудың қазіргі қорытындысын соңғы нәтиже деп тануға болмайды деді.

 

Десе де, конгрестегі республикашылдардың кейбірі, соның ішінде Дональд Трампты қатты сынап жүрген Митт Ромни мен Адам Кизингер сайлау қорытындысын мойындайтын кез келді деді. Ал Республикалық партия атынан сайланған консерватор конгресмендер Трампты күресті жалғастыруға шақырды.

 

Америка ақпарат құралдары Джо Байден сайлаушылар алқасындағы президент болып сайлануға жеткілікті 270 дауысты жинады деп хабарлағаннан бірнеше сағат өткен соң, сенбі күні кешкісін, Байден сайлау штабы орналасқан Делавэрдегі Уилмингтон қаласында жиын өткізіп, сөз сөйледі.

 

Америкалықтарға қайырылған Джо Байден «жарақаттарды емдейтін» уақыт келді деді және «елді екіге жаратын емес, біріктіретін» басшы болуға уәде берді.

 

&ndash Бүгін көңілі құлазып тұрғандарды түсінемін. Өзім де бірнеше рет жеңілгенмін. Бірақ, келіңіздер, бір-бірімізге мүмкіндік берейік. Мен елді бөліп-жаратын емес, біріктіретін президент болуға уәде беремін. Мен көк және қызыл штаттарды емес, Америка Құрама Штаттарын көретін президент боламын, &ndash деді сайланған президент.

 

 

azattyq.org




Көрілген: 392    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.11.2020, 16:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31