Саяси сахна

ДСҰ-ға кіруімізге Кедендік одақ бөгет болмауы тиіс

   Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазақстанның Дүниежү­зі­лік сауда ұйымына (ДСҰ) кі­руге деген талпынысы бас­талғалы 10 жылдан асып ба­рады. Бірақ әлі күнге мә­селе түбегейлі шешілген жоқ. Есесіне, Кедендік одақ­тағы (КО) әріптесіміз Ресей мем­лекеті 18 жыл бойы жүр­гізген келіссөздер нә­ти­же­сін­де халықаралық осы ұйым­ға мүше болып алды. Ма­ман­дар Ресейдің бұл қадамы КО ая­сындағы өзге елдерге аз ық­пал етпейтінін жиі айтып жүр. Содан болар, өткен ап­тада Минскіде өткен Жо­ғарғы еуразиялық эко­но­ми­калық кеңестің кезекті оты­рысында ҚР Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев бұл мә­селеге зер сала тоқталды. Се­бебі біз қандай жағдайда бол­сын экономикалық мәселеде ешкімге есе жібермеуіміз керек.

Қоғамдық пікір қашан тоқтамға келеді?
Әрине, әу баста Ресей мен Қазақ­стан ДСҰ-ға бірге кіретінін айтып, бірдей саясат жүр­­гізуге уағдаласып жүрген-ді. Ресей жағы кейіннен бұл ұстанымнан бас тартып, жеке-дара мүшелікке өтіп алды. Осы жайт салдарынан солтүстік көршіміздегі баға саясаты күрт өзгере бастады. Бұл жайт бізге де тезірек ДСҰ-ға ену керектігін байқатты. Олай жасай алмасақ, ұлттық, эконо­ми­ка­лық, стратегиялық тұр­ғыдағы мүдделеріміз ұты­лыс табатынын түсіне бастадық. Бір тоқталарлық жайт, ДСҰ-ға кіру мәселесінде КО-ға мүше Ресей һәм Беларусь тара­пы­мен ортақ келісімдерге келуге тиіспіз. Бұл орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев ДСҰ-ға кіру мәселелері жөнінде Еу­ропалық одақпен және АҚШ-пен келіс­сөз­дер жүргізу үшін Қазақстан-Ресей бір­лескен комиссиясын құру қажеттігін айтқан бо­латын. Біздің пікірімізше, біріншіден, бұл комиссия тезірек құрылуы керек. Екін­ші­ден, стратегиялық тұр­ғыдағы мүддеміз ұты­лыс табу қаупінде тұрған тұста Қазақ­стан қоғамындағы екі түрлі қалыптасқан пі­кір бір ар­наға тоғысуы тиіс. Мәселен, кейбір са­рап­шы­ларымыз Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі дұ­рыс десе, екінші кон­сер­вативті ұй­ым­дардың са­рапшылары әлі күнге «ДСҰ Қазақ­стан­ға пайда бермейді» деген ойдан арылған жоқ. ДСҰ-ға мүшелікке өту үшін осы сыртқы һәм іш­кі екі мәселені жолға қо­йып алғанымыз жөн.

ДСҰ-ның пайдасы
Қазақстан ДСҰ-ға енген күнде қандай пайдаға қол жеткізеді? Әуелгі сауал – осы. Бір­қатар мамандар «бұл қадам ең әуелі елі­міз­­де­гі нарыққа оң ықпал етеді» дейді. Екіншіден, ке­дендік одақтасымыз Ресей ДСҰ-ға мү­ше­лікке өтіп алғандықтан, елдегі бағаның өсуі тоқ­та­май, экономикалық ахуал жайлап тө­мен­дей бас­тауы мүмкін. Кедендік одақтың тағы бір мүшесі Қазақстан осы қа­дам­ды дұ­рыс жаса­са, әлемдік стандарттарға сәй­­кес баға мәсе­лесі реттеледі. Үшіншіден, КО-ға мүше болғалы елімізде көлік бағасы қым­­баттап кетті. ДСҰ са­пын­да болсақ, бұл ба­ға едәуір төмендейді. Яғни осын­дай тұты­ну­шыға тікелей қатысы бар өндіріс са­ла­сындағы тұтыну заттарының нарықтағы ба­ғасы бірізділікке түседі. Төртіншіден, бұл қа­дамның саяси жағдайымызға әсері мол. Мін­детті түрде біздің саяси ұстаны­мы­мыз әлем­нің назарында болады. Осының се­бебінен аз ұлттар­ға қа­тыс­ты этникалық мә­се­лелер, шекара мәсе­лесі, Орталық Азия­дағы шиеленіскен су проб­лемалары ше­­­шімін табуы мүмкін. Бесіншіден, осы қа­дам арқылы ықпал ету меха­низ­мі та­былып, Қытаймен шешілмеген транс­ше­ка­ра­аралық мәселелердің түйіні сөгіліп қа­лар. Ал­тын­шы­дан, ДСҰ ірі макроэконо­ми­калық топ­тар­ға өте тиімді. Макроэко­но­микалық тұ­рақ­тану өкілдеріне, бы­лайша айтқанда, оли­гархтар өздерінің та­уарларын бұдан да кең дең­гейге шы­ға­руға, бұдан да зор ин­вестиция тартуға мүм­кіндік алады. Же­тін­шіден, біз ма­кро­эко­но­микалық тұрақ­та­ну­ға қол жеткізсек, микроэко­но­микалық тұ­рақ­тануға да, орта жә­не шағын бизнесті да­мы­туға да жол аша­ аламыз. Яғни бір сөзбен тү­йін­десек, Қазақстан әлем­нің объек­тісіне емес, субъектісіне айна­ла­ды.
Сіз не дейсіз?
Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:
– Себебі қандай мемлекеттің болсын, ең алдымен, өзінің басты мүддесі болады. Бұл орайда біздің ДСҰ-ға кіруіміз – заман та­лабы. Қазір оқшауланатын саясат ұстан­ған­­нан ештеңе ұтпаймыз. Мысалға, ір­ге­де­гі эко­номикасы дамыған Қытай мен әлем­дік ал­пауыт Ресей арасында отырып, өз эко­но­микалық саясатымызды жүргізу аса қиын. Мысалы, кейбір елдер ДСҰ-ға кір­­сек, біз арқылы Ресейге өткізе алмай отыр­­ған тауарларын тықпалауы мүмкін. Минс­кіде өткен Жоғарғы Еуразиялық эко­­­­номикалық кеңесте ҚР Президенті Нұр­­­сұлтан Назарбаев КО-ға Түркияны кір­­­­гізуді ұсынды. Мұның өзі түсінген адам­­­ға біраз жайды аңғартса керек. Яғни біз қандай интеграциялық одаққа мүше бол­­­сақ та, бар күш-жігерімізді өз мүд­де­міз­­ді қызғыштай қорғауға жұмсауға тиіс­піз.

ДСҰ-дағы Қазақстанның мүддесі ескерілуі тиіс
Сол себепті де ДСҰ-ға кіру жолында өзі­­мізге тиімді тәртіпті ор­натып алуымыз қа­жет. Мы­салы, Дүниежүзілік сауда ұйы­мына әлеуметтік жағдайы аса мәз емес Қыр­­ғыз­стан да, Грузия да мүше. Бұл ел­дер белгілі бір дәрежеде алпауыттардың қақ­панына түсіп қалып жатады. Егер де ДСҰ-ға кіре қалсақ, біз де қақпанға түс­пеудің жолын тауып, өз мүддемізді алға шы­­ға­ра білгеніміз жөн. Қазақстан Қыр­ғыз­стан, Гру­зия сияқты кішігірім мемлекет емес. Біз –шикізат қоры мол алпауыт елміз. Сыртқы күштердің біздің аймақ үшін күресіп жат­қаны – айдан анық дү­ние. Қазақстанның ауылшаруашылық өнім­­дері әлемнің кез келген елінің өні­мі­мен бәсе­келесе алады. Сондықтан да ішкі на­рықты реттеу мақ­сатында белгілі бір дәрежеде ауыл­шар­уашылық протек­цио­низм саяса­тын жүр­гізуіміз қажет. Яғ­ни бар­лық саланы бір­ден ДСҰ-ға мүше­лікке кір­гізіп жіберсек ұтыламыз. Бірінші бағытта ауыл­шаруа­шы­лық өнімдерін алдыға шы­ғарып, екінші ба­ғытта бізге келетін тауар­лар аясын шек­теуге болады.

Түйін
1995 жылы ғана құрылса да, 160-тан астам елдің сауда-саттығын жүйелеп отырған ДСҰ-ға қазір бақылаушы елміз. Осы бақылаушылығымыз қашан мүшелікке ұласады? Бұл ұйымға қазірдің өзінде бұрынғы кеңестік елдердің ішіндегі Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина, Ресей мүше болып үлгерді. Кезек бізге де келді. Сіз не дейсіз?




Көрілген: 945    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.10.2013, 13:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31