Саяси сахна

Елбасы «Абу-Даби Плазаны» Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеді

  • Елбасы «Абу-Даби Плазаны» Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеді

    Елбасы «Абу-Даби Плазаны» Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеді

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев елордада өңірдегі ғана емес, дүниедегі ең үлкен мешіт салынып жатқанын айтты.

Тұңғыш президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы ең биік ғимарат "Абу-Даби Плазаны" Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеді.

Елбасы тұңғыш президент күні қарсаңында Qazaqstan телеарнасына сұқбат берді.

Деректі фильм үзіндісінде Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы ең биік ғимарат мұнарасына жаңа атау келесі жылы берілетінін айтты.

"Ендігі жылы, Құдай бұйырса, Абу-Даби Плаза мұнарасын "Қазақстан" мұнарасы деп атаймын. Біздің кең даламызда алыстан көрініп тұратын мұндай биік ғимарат жоқ. Мынау не? Бұл астана ғой, бұл "Қазақстан" мұнарасы деп айтып жүретіндей болады", - деді Елбасы сұқбатында.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев елордада өңірдегі ғана емес, дүниедегі ең үлкен мешіт салынып жатқанын айтты.

"Бір жағынан діни мағынасы бар, екінші жағынан туристік мағынасы бар үлкен, әдемі, зәулім ғимарат пайда болады. Алда, Құдай бұйырса, әлі талай ойлар бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.




Көрілген: 728    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.12.2020, 15:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31