Саяси сахна

Елордада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй саны екі еседен астам азаяды

  • Елордада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй саны екі еседен астам азаяды

    Елордада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй саны екі еседен астам азаяды

20-дан астам проблемалық тұрғын үй қалады. Олардың қатарында тек қазаншұңқырлары тұрған үйлер, мүлдем іргетасы қаланбағандары бар.

Нұр-Сұлтанда бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бастап) құрылысы ұзаққа созылған үйлердің тізімінен 30 тұрғын үйді алып тастауға болады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

"Өткен жылдың жазымен салыстырғанда құрылысы ұзаққа созылған үйлердің саны екі есе астам азаяды! Биыл құрылысын аяқтап, тағы жиырма тұрғын үйдің құжаттарын ресімдеуге кірісуді жоспарлап отырмыз. Бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бастап) құрылысы ұзаққа созылған үйлердің тізімінен 30 тұрғын үйді алып тастауға болады.

20-дан астам проблемалық тұрғын үй қалады. Олардың қатарында тек қазаншұңқырлары тұрған үйлер, мүлдем іргетасы қаланбағандары бар. "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешені 2004 жылдан бері апатты болып саналды. Үйді техникалық тексеру жұмыстары құрылыс кезінде барлық нормалардың бұзылғанын, егер үй пайдалануға берілген жағдайда, оның құлайтынын көрсетті. Қалған құрылыстарды 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Екі күн бойы бірқатар үлескерлермен және ТҚК төрағаларымен кездестім. Олардың қатарына Гарант, Айсанам Де Люкс, Баспана Көктал, Арыстан, Зере-1, Ақерке-2 (1 кезек), Жастар-4, Жасыл НС, Фемида, Алтын Шар, Шығыс (1а, 1в), Жағалау 3 (28,29,30 блоктар),Орбита, Территория комфорта-2 және т. б. жатады.

Осы нысандардың құрылысы егжей - тегжейлі талқыланып, қандай қосымша шаралар қабылдау қажет екені шешілді.

Құрылыс қарқынын арттыру, құжаттама бойынша көмек көрсету және т.б. мәселелер талқыланды. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын қайта бастау &mdash оңай емес. Құрылыс салушылар үлескерлер алдындағы, сондай-ақ сатып алушылар алдындағы барлық жауапкершілікті түсінуге тиіс.

Әріптестерім мен құрылысшыларға жұмыс қарқынын күшейтуді, қажетті құрылыс материалдарын сатып алуды, инженерлік желілер жүргізуді және т. б. тапсырдым", - деп жазды Алтай Көлгінов.




Көрілген: 701    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 17:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31