Саяси сахна

«Ертісбаев маған «Сталин сияқты болыңыз» деп кеңес береді» - Қасым-Жомарт Тоқаев

  • «Ертісбаев маған «Сталин сияқты болыңыз» деп кеңес береді» - Қасым-Жомарт Тоқаев

    «Ертісбаев маған «Сталин сияқты болыңыз» деп кеңес береді» - Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы – ең ірі қала және ол жердегі жағдай барша елдегі ахуалдың көрінісі деп есептейді. Осы орайда, ол Алматы тұрғындары карантиндік шектеу шараларын тиісті деңгейде сақтамайтынын жеткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Карантин шаралары тұрғысынан алғанда, алматылықтар елдегі тәртіпті сақтамайтын өңірлердің көшін бастап тұр. Біз мұны жақсы білеміз. Қандай болсын идеологиялық жұмыс жүргізілуі керек қой! Барша ел карантинді сақтайды, ал Алматы сақтамайды. Осы нигилизмнен арылу керек», – деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мегаполис дәріханаларын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін де айтты. Ол дәрі тапшылығы бар екенін айта келе, дәріхана кезегіне адам көп жиналатынын алға тартты.

«Адамдар видео түсіріп, Үкіметтің жұмысты тиісті деңгейде орындамай отырғанын мәлімдейді. Ал әкімдер тапшылық бар екенін мойындамайды. Жағдай бақылаудан шығып кетті.

Бұрынғы кеңесші Ертісбаев: «Президент мырза, Сталин сияқты болыңыз, бәрін қызметінен босатыңыз» деп маған кеңес береді. Мен Алматы туралы ғана айтып отырған жоқпын. Бірақ, Алматы – ең ірі қала, ол жердегі жағдай барша елдегі ахуалдың көрінісі», – деді Тоқаев.

 

 




Көрілген: 2524    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 12:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30