Саяси сахна

Халықтың сайлауға деген жауапкершілігі жоғары

  • Халықтың сайлауға деген жауапкершілігі жоғары

    Халықтың сайлауға деген жауапкершілігі жоғары

Бұл туралы заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, криминолог-ғалым Есберген Алауханов «Сайлау &ndash 2021: үгіт-насихат трендтері» атты сарапшылар талқылауы кезінде айтты. 

 Алдағы күндері өтетін сайлау бойынша үгіт-насихат жұмыстары ұйымшылдықпен жүргізілуде. Біз оның куәгеріміз. Қоғамдық тәуелсіз байқаушы ретінде халық арасында жүріп, осының бәрін көріп келеміз. Осы орайда айта кететін жайт, бұл сайлаудың бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, Мәслихат сайлауы бойынша жергілікті жерлерде тұңғыш рет кандидаттар арасында түрлі дебаттар ұйымдастырылуда. Алғаш рет мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер партиялық тізім бойынша өтіп жатыр. Екіншіден, әлемді жайлаған коронавирус кезінде әлеуметтік арақашықтық сақтау жөнінде қатаң ескертілуде. Осыдан-ақ, халықтың сайлауға үлкен жауапкершілікпен дайындалып жатқанын байқауға болады, - деді ол.

 Есберген Алауханов үгіт-насихат жұмыстары барысында ешқандай тәртіп бұзушылық, теріс қылықтар байқалмағанын айтады.

 2021 жылғы сайлау өте жоғары деңгейде, жеңіл түрде өтеді деген ойдамын. Біз құқықтық сауатымыздың, мәдениетіміздің жоғары екенін көрсетіп, құқықтық тәртіп бойынша дауыс береміз деген сенімдемін, - деді ол.

 Бұған дейін Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы, саясаттанушы Бауыржан Серiкбаев бұл сайлау өз уақытында өтіп жатқанын айтқан болатын.

baq.kz




Көрілген: 509    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.01.2021, 17:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31