Саяси сахна

Жас депутат Мәди Ахметов министрге өткір сауал жолдап састырды (видео)

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Экология министрі М.Мырзағалиевке өткір сауал жолдап оны састырды. Депутат министрден сақалды құрылысқа айналған Есқұла су тартқышына қатысты сұрақ қойды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады.

"Құрылысы 2010 жылы басталып, әлі күнге дейін аяқталмаған Есқұла су тартқышы қашан іске қосылады? Соңғы 11 жыл бойы 100 мыңнан астам тұрғыны бар Сәтбаев және Жезқазған қалалары ауызсудың тауқыметін тартып отыр. Жобаның бастапқы құны 5.8 млрд. теңге болса, 2020 жылы 8.7 млрд. теңгені құраған. Мәжіліс қабырғасында үш жылдық республикалық бюджет мақұлданғанда Экология министрі М.Мырзағалиев Есқұла су тартқышына 2.1 млрд. теңге бөлінсе, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтаймын деп депутаттар алдында сөз берді. Қаражат бөлінді, жылдың аяғы да алыс емес, нәтижесін көрейік", - деп жазды Мәди Ахметов.

Еске сала кетейік, Мәди Ахметов Мәжілістің ең жас депутаты. Ол Елбасына ескерткіш қою туралы ұсыныспен ел арасында танымалған болған еді.




Көрілген: 6871    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 00:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31