Саяси сахна

Желіде экс-министр Біртановты қолдау акциясы пайда болды

  • Желіде экс-министр Біртановты қолдау акциясы пайда болды

    Желіде экс-министр Біртановты қолдау акциясы пайда болды

Қазақстандықтар денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановты қолдау акциясын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желі қолданушылары "Мен, біз - Елжан Біртанов" жазуымен сурет таратып жатыр.

5 қарашада Желіде Біртановпен таныс болған, бірге оқыған және еңбек еткен адамдар экс-министрді қолдауға арналған ашық хат жариялады. Хатқа қазақстандық танымал медицина орталықтарының басшылары қол қойған.

Олардың ішінде University Medical Center корпоратив қорының басшысы Юрий Пя, Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақов, Ұлттық ғылыми медицина орталығының басқарма төрағасы Абай Байгенжин және басқалары бар.

UMC баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне Юрий Пяның ашық хатқа қол қойғанын растады.

"Денсаулық сақтау министрлерінің ішінде науқастар мен әріптестеріне әрдайым ашық, санитардың жолынан бастап токсиколог дәрігер, бөлім меңгерушісі, ғылыми орталық, медицина холдингі басшысынан министрге дейінгі жолды өткен маман құрметке лайық. 

Әлемнің үздік университеттері мен клиникаларында тамаша дайындықтан өткен, ағылшын мен қазақ тілдерін еркін меңгерген, практикалық тәжірибесі мол Елжан Біртанов әлемнің көптеген жерінде әріптестерінің құрметіне ие болып, елімізге үздік шетелдік тәжірибе мен мамандарды тартуға мүмкіндік берді. Елжан Біртановтың Денсаулық сақтау министрлігіне келуі еліміздің көптеген дәрігері тарапынан зор ықыласпен және ізгі ниетпен қабылданды", - делінген хатта.

Ашық хатқа қол қойған мамандар Елжан Біртановты тергеу кезінде үй жағдайына жіберуді сұрап отыр, өйткені ол пневмониямен ауыр сырқаттанған. 

Одан бөлек WhatsApp мессенджерінде экс-министрді қолдау мақсатында өлең жолдары тарап жатыр, авторы Абзал Салихов.

Еске салайық, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Оған қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен 25 маусымда босатылды. Ол өзінің отставкаға кетуін коронавирус жұқтырғанымен түсіндірге болатын. 

Tengrinews.kz.




Көрілген: 1328    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.11.2020, 18:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31