Саяси сахна

Канада премьер-министрінің әйелі коронавирус жұқтырған болып шықты

  • Канада премьер-министрінің әйелі коронавирус жұқтырған болып шықты

    Канада премьер-министрінің әйелі коронавирус жұқтырған болып шықты

Батыстың басылымдары Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның әйелі Трюдо Софи Грегуар-Трюдоның әлем халқын дүрліктірген коронавирусқа шалдыққанын жарыса жазуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Джастин Трюдо және Софи Грегуар-Трюдо. Фото: Cole Burston / Stringer / Getty Images

Джастин Трюдо және Софи Грегуар-Трюдо. Фото: Cole Burston / Stringer / Getty Images

Бұған дейін БАҚ беттерінде Канада премьер-министрі мен оның әйелі пневмонияның жаңа түрімен ауырады деген күдікке ілініп, карантинге жатқызылғанын хабарлаған болатын. Бұл Канада үкіметі басшысының әйелі Ұлыбритания астанасынан оралғаннан кейін орын алған.

Mash Telegram арнасында жарияланған мәліметтерге сенсек, анализ нәтижесінде Софи Грегуар-Трюдодан SARS-CoV-2 коронавирусының бар екендігі анықталған. Ал Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдода да аурудың ешқандай белгілері жоқ.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 коронавирусын пандемия деп бағалады.

Осыдан кейін мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады.

Бұл туралы президент өзінің Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

 
 
"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 




Көрілген: 221    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 10:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30