Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

8 мамырда Кабулдың батыс бөлігіндегі қыздар мектебінде болған бірнеше жарылыстан 53 адам қаза болып, 150 адам жарақат алған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Stan.kz

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Логар провинциясының Пули-Алам қаласында және ел астанасы Кабулда болған террористік шабуылдардың салдарынан көптеген адамның, әсіресе, бейкүнә балалардың қаза тапқаны туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабыл алғаны айтылады

"Сіздің еліңіздің және бүкіл халықаралық қауымдастықтың осы жантүршігерлік қылмысты батыл айыптауына қосыламын. Қазақстан осындай қиын-қыстау сәтте ауған халқымен бірге екенін растайды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Сондай-ақ жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, сенбіде, 8 мамырда Кабулдың батыс бөлігіндегі қыздар мектебінде болған бірнеше жарылыстан  53 адам қаза болып, 150 адам жарақат алды. Қаза тапқандардың басым бөлігі 11-ден 15 жасқа дейінгі оқушылар.




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 00:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30