Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды

06 қаңтар 2022, 00:32

 Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде айтты.

 

"Бұзақы топтардың әрекеттері жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Бұл қаржыландырылған бүлікшілердің жан-жақты ойластырылған жоспары екенін дәлелдейді. Бұл - қаскөйлердің қитұрқы әрекеті. Сондықтан Мемлекет басшысы және бүгіннен бастап Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде барынша қатаң әрекет етемін. Бұл - өмірін қорғап қалуға өтініш білдірген көптеген азаматымыздың қауіпсіздігіне қатысты мәселе", - деді Тоқаев үндеуінде.

 

Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесін Нұрсұлтан Назарбаев басқарған.