Саяси сахна

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ардақты аналар! Аяулы арулар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер. Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылғанын айтты.

"Отбасы институтын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы.Сіздердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктеріңізді арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенемін. Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - деді ол. 




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

сенбі, 07.03.2020, 11:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30