Саяси сахна

Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

  • Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

    Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуды, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты тергеліп жатқан әрбір істі бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Осы бағыттағы жұмыстардың қазіргі жағдайын талқылау және оны жетілдіру шараларын әзірлеу мақсатымен Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен кеңес өтті.

Жиынға Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Ішкі және Сыртқы істер, Әділет, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері қатысты.

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа, балалар саудасына қарсы іс-қимылдарды, сондай-ақ балалар үйлері мен интернаттарда тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жанынан балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі барлық уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілік құқығына қарсы қылмыс жасағаны үшін жазасын өтегеннен кейін түрмеден босатылған адамдарды бақылауға және есепке алуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарға қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.
BAQ.KZ.




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 11:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31