Саяси сахна

«Қазақстан Ливияға жасырын қару-жарақ тасымалын ұйымдастыруға қатысты» - БҰҰ

  • «Қазақстан Ливияға жасырын қару-жарақ тасымалын ұйымдастыруға қатысты» - БҰҰ

    «Қазақстан Ливияға жасырын қару-жарақ тасымалын ұйымдастыруға қатысты» - БҰҰ

Дипломаттардың айтуынша, бұл рейстердің кейбірін екі қазақстандық әуекомпания жүзеге асырған, олар үлкен көлемдегі қару-жарақты тасымалдаған.
Қазақстан маршал Халифа Хафтарды қолдау мақсатында Ливияға әуе жолдары арқылы жасырын қару-жарақ тасымалын ұйымдастыруға қатысты, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz, Bloomberg дерегіне сілтеме жасап.

Бұл туралы осы айда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде баяндама жасаған екі дипломаттың құпия есебінде айтылған.

Халықаралық ұйым БҰҰ-ның Ливияға қарсы санкцияларына қарамастан, қаңтардың басында осы елге 37 рейс жасалғанын мәлімдеп, тергеу жүргізіп жатыр.

«Сарапшылар тобы Біріккен Араб Әмірліктерінен және олардың авиабазасынан Эритридағы Хафтар басқаратын аэродромдарға құпия рейстер санының көбеюін анықтады»,- делінген хабарламада.

Баяндамадан үзінділер Bloomberg журналистерінің қолына түскен. Дипломаттардың айтуынша, бұл рейстердің кейбірін екі қазақстандық әуекомпания жүзеге асырған, олар үлкен көлемдегі қару-жарақты тасымалдаған.

«Рейстер АҚШ-тың, Қазақстан мен Британияда тіркелген компанияларының әскери желісі арқылы жүзеге асырылды», - дейді дипломаттар.

Еске салсақ, 2011 жылы Ливия лидері Муаммар Каддафидің биліктен кетуі мен өлімінен кейін Ливияда қос билік құрылды. Халық сайлаған парламент шығыста, ал батыста - Файез Сарраж басқаратын БҰҰ мен Еуропалық Одақтың қолдауымен құрылған Өтпелі ұлттық кеңес отырады. Елдің шығыс бөлігінің билігі Триполиге тәуелсіз және Ливияның ұлттық әскерімен ынтымақтасады. Халифа Хафтар 2019 жылдың сәуірінен бері Триполиді басып алуға әркет етіп жатыр. 




Көрілген: 1285    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.05.2020, 16:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30