Саяси сахна

Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілуде

  • Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілуде

    Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілуде

Жоба барысында, еліміздің барлық аймақтарында тұратын кемінде 12 000 қызмет алушыны қамту жоспарланған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Зор Рух» Қайырылымдылық қорымен ағымдағы жылда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілуде.

Жоба мақсаты – көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына, қолжетімділігіне және көрсетілу тәртібіне қатысты қызмет алушлардың қанағаттанушылық денгейін сондай-ақ, 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын мәселелерді анықтау.

Жоба барысында, еліміздің барлық аймақтарында тұратын кемінде 12 000 қызмет алушыны қамту жоспарланған. Барлық мемлекеттік органдармен және ХҚО-мен көрсетілетін 75 мемлекеттік қызметтін сапасы мен қолжетімділігі жөніндегі тұлғалардың пікірлері, қызығушылықтары, ұсыныстары мен қалауы талданатын және тіркелетін болады. Талдау ең ауқымды, проблемалық (бюрократиялық, сыбайлас жемқорлық, орындау мерзімнің бұзылуы, шағымдар және т.б.) және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді қамтитын болады.

«Зор Рух» қайырымдылық қоры баспасөз қызметінң мәлімдеуінше, әкімшілік кедергілерді анықтағаннан кейін және мемлекеттік органдардан қызмет алу кезінде қызмет көрсетушілерге сенім деңгейін зерттегеннен кейін ең осал орындар анықталады. Бақылау барысында, мемлекеттік қызметті алу кезіндегі әлеуметтік шиеленіс денгейін зерттеу, халықтың мемлекеттен нақты қызмет алу туралы хабардар болу деңгейін анықтау жоспарлануда.

Қоғамдық мониторинг нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін жетілдіру, оларды ұсыну мен жіктеу бойынша бизнес процестерді автоматтандыру туралы ұсыныстар әзірленеді.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы қоғамдық мониторинг онлайн пішімінде де өткізілуде. Осылайша, қызмет алуышыларға жеке түрде онлайн – сауалнаманы өту ұсынысы және арнайы платформаға сілтемесі бар SMS жолданады. SMS жолдамада көрсетілген мерзімде онлайн сауалнаманы толтырмаған тұлғалар, сауалнамаға телефон арқылы қатыса алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға өз үлесін қосқысы келетін қазақстандықтар +7 700 000 08 56 нөміріне хабарласып, онлайн сауалнамаға қатыса алады.




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 12:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31