Саяси сахна

Қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеру: Тоқаев қытайлық компанияға талап қойды

  • Қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеру: Тоқаев қытайлық компанияға талап қойды

    Қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеру: Тоқаев қытайлық компанияға талап қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «CNPC» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады деп хабарлайды Ақорда.


 

 

Тоқаев қытайлық компанияға қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруді тапсырды

Фото: Ақорда


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Қазақстан президенті қазақ-қытай арасындағы тату көршілік қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне «CNPC» компаниясының қосқан үлесін жоғары бағалады.


"«CNPC» компаниясы мұнай өндіру, өңдеу, көмірсутегін тасымалдау салаларында еңбек етеді. Сіздің корпорация жүзеге асырып жатқан жобалар Қазақстан экономикасында аса маңызды рөл атқарады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы «CNPC» басшылығының алдына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруге, олардың айлығын шетелдік жұмысшыларға төленетін еңбекақы деңгейімен теңестіруге, сондай-ақ, тауар сатып алу және қызмет көрсету ісінде қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға байланысты бірқатар міндет қойды.


Ван Илинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты компанияның алдына қойылған міндеттерге түсіністікпен қарайтынын жеткізді. 


Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Қазақстан президенті «Ақорда» резиденциясында «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдаған еді.



 



 


 




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.11.2019, 20:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31