Саяси сахна

Қазақстандық шенеуніктерге шетелдік көлік мінуге тыйым салынды

  • Қазақстандық шенеуніктерге шетелдік көлік мінуге тыйым салынды

    Қазақстандық шенеуніктерге шетелдік көлік мінуге тыйым салынды

 Мемлекеттік қызметкерлерге 2 жылға дейін шетелдік көліктерді сатып алуға тыйым салынды. Шенеуніктер енді небір мерседес, тойота, лексус сияқты әлемдік брендтердің өнімдерін астына басып, шалқайып отырмайды.


Шенеуніктер керісінше Қазақстанда құрастырылған машиналарды мінетін болып шешілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Майшелпек бітті. Енді шенеуніктер шетелдік көліктерді сатып алмайды. 2 жылға салынған тыйым мемлекеттік қызметкерлерді елімізде құрастырылатын автоларды алуға міндеттеп отыр. Аманияз Ержанов бұл бастаманың берер пайдасы мол екеніне сенімді.


«Екі жыл деген жақсы уақыт қой. Былай айтса қараңыз, автокөліктер, трасформаторлар және кабельдік продукция бізге кіргізілмейтін болады. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарында тек қана отандық өнімді сатып алу керек болады. Бізде дейтін енді өзіміздің қазақстандық автокөлік жоқ. Расымен айтқанда біз оны тек жинаймыз. Өзімізде өндіріс жоқ. Сол өзімізде жиналған киясы бар, сан йонгы бар, равоны бар. Соларды сатып алатын болады», - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің орынбасары Аманияз Ержанов.


Иә, отандық өнім дегенде жарнамасы жер жаратын бұл автолар бізде тек құрастырылады. Сондықтан 100 пайыз қазақстандық тауар емес.


"Мемлекеттік органдардың барлығы дерлік қазақстандық көліктермен жүрсін!" деген ұран осыған дейін біраз жыл бұрын көтерілген еді. Бірақ уақыт өткен соң ол бастама жайына қалып, бәрі қайта шетелдің техникасын сатып алған еді.


«Бұл ең біріншіден ұлттық теңгеміздің өтімділігін арттырады. Қазір жүргізілетін операциялардың барлығы біздің ұлттық теңгеде болғандықтан, осы уақытқа дейін теңгені басқа елдің валютасына айналдырып оны Германия басқа да елдерге шығарып отырмыз. Ол біздің ұлттық теңгеміздің құлдырауына әкеліп жатқан жағдай. Сондықтан бірінші кезекте бұл Ұлттық қордан берілетін және мемлекеттің отандық кәсіпорындарды дамытуға беріліп жатқан бағдарламалардың тиімді жұмыс жасауына алып келеді», - дейді экономист Бауыржан Ысқақов.


Осыдан екі ай бұрын депутат Азат Перуашев Мәжілістің кезекті отырысында шенеуніктерге қырғидай тиіп, сөзбен сыбап алып еді. "Халықтың жайын күйттегеннің орнына тайраңдап жүретіндер көп" деген болатын.


«Бюджеттің қаражатына өзінің жеке ақшасы сияқты шашатын шенеуніктер бар. Үлкен-үлкен пәтерлерден бастап, небір қымбат автокөліктерге тапсырыс береді. Одан қалды бағалы материалдан жасалған жиһаз алдырады. Олай шалқып өмір сүргілерің келсе бизнеске кетіңдер. Сонда барып ақ адалынан ақша табыңдар. Мемлекеттік қызметкер әрбір тиынды есептеп, ақылмен жұмсауы тиіс», - дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.


Жыл өткен сайын азаматтық қоғам қалыптасып, қараша халық билікке ойын ашық білдіре бастауы да мұндай қадамға баруға итермелемей қоймайды. Саясаттанушы Қазыбек Майгельдиновтың пікірінше, қазір ашық ақпарат заманында қай шенеуніктің не киіп, не мініп, қайда отырғанын жалпақ жұрт көріп-біліп отыр.


«Халық пен билік арасында тетіктің жақындай түскенін байқап отырмыз. Бұған дейін көптеген түсініспеушіліктер халықтың ызасын тудырғаны белгілі. Бұл шенеуніктердің кабинетінін шыға алмауында болған. Ал қазіргі таңда бұл әлеуметтік лифт дейміз, бастамасы бар. Алдағы күндері бұл трендке не белгілі бір уақыттағы хайпқа айналмай, негізі жұмыс тетігі ретінде қолданғанын күтеміз», - дейді саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов.


Жалпы, мұндай бастаманы осындан ертерек қолға алып, бекітіп алғанда бұл күнде көрші өзбектер құсап, ішкі нарықты толық қамтып, экспортқа көлік шығаратын деңгейге жетер ме едік?! Мамандар «әйтеуір ештен кеш жақсы» дейді. Сонымен 2 жыл мемлекеттік қызметкерлерге шетелдік көлік алуға тыйым салынды. Жап жақсы бастама. Соңы сиыр құйымшақтанып кетпесе болғаны.


Бұған дейін қазақстандық шенеуніктерге импорт тауарларды алуға тыйым салынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Stan.kz




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 20:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31