Саяси сахна

«Қазақстанның солтүстік өңірін орыс тілді деген кешегі күнгі стереотип» - «ADAL» партиясының үміткері

  • «Қазақстанның солтүстік өңірін орыс тілді деген кешегі күнгі стереотип» - «ADAL» партиясының үміткері

    «Қазақстанның солтүстік өңірін орыс тілді деген кешегі күнгі стереотип» - «ADAL» партиясының үміткері

«ADAL» саяси партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттыққа үміткер Олжас Ордабаев Қазақстанның солтүстігіндегі сайлаушылармен өңірлік кездесулер қалай өткендігі туралы айтып берді.

Олжас Ордабаев өңірлік іс сапарлар барысында еліміздің солтүстігіндегі көптеген шалғай елді мекендерді аралағанын әңгімеледі.

«Қазақстанның солтүстігі орыс тілді деген кешегі күнгі стереотип. Сапар барысында басқаша болып шықты. Иә, қалаларда орыс тілінің таралуы әлі де болуы мүмкін, бірақ біз қаладан кетіп, ауылдарға келгенде, негізгі қарым-қатынас тілі - қазақ тілі екеніне көзіміз жетті», - деді ол.

Сонымен қатар, Олжас Ордабаев Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сайлаушылармен кездескенін нақтылады.

«Кезекті рет Қазақстанның солтүстігі халқын орыс тілді деп атауға болмайтындығына көзім жетті. Көптілділік саясаты жұмыс істейтіні қуантады. Солтүстіктің орыс тілді екендігі туралы ұзақ уақыт бойы стереотиптер болды, бірақ бұл өзекті және объективті емес. Осылай ойлайтындарға, сол жерлерге барып, өз көздерімен көруді ұсынамын», - деп түйіндеді ол.

Анықтама:

2013 жылы Қазақстанда «Бірлік» саяси партиясы құрылды. Партия төрағасы Серік Сұлтанғали.

2020 жылдың 5 қарашасында «Бірлік» атауын «ADAL» (қаз. «адалдық»).

Партияның саяси кеңесі мүшелерінің құрамында:

Серік Сұлтанғали, Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Алина Асқарова, Мақсат Толықбай, Алмасбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Игорь Шацкий, Лаура Маликова, Лаззат Шынқисбаева, Жигули Дайрабаев, Ғалымбек Жақсылықов, Ақмарал Бекмурзаева, Нұрлыбек Мәлелов, Ғани Абадан.




Көрілген: 1300    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.12.2020, 15:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31