Саяси сахна

Кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 4 себеп - Айдос Сарым

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Танымал саясаттанушы және қоғам қайраткері Айдос Сарым кезектен тыс президент сайлауын өткізудің төрт себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Геосаясат. Тұңғыш Президенттің өз өкілеттігін тоқтатуын көпшілік күтпеді. Алғашқы күндері ел басшылығымен бір ғана Қытай елшісі бес рет кездесті. Транзитке кіруге болады, бұл оңай. Бірақ, онда қалып қоюға да болады. Бізге әлемнен оқшаулануға, стратегиялық белгісіздікке жол беруге болмайды. Екеуі де ішкі шаруаларымызға үлкен ойыншылардың килігуіне әкеп соғады», - деп жазды саясаттанушы өзінің Telegram каналында.


Екіншіден, сайлау инвестициялық және бизнес ахуалға әсер етеді.


«Отандық және ғаламдық бизнестің ойын ережелерін ұзартуды немесе жаңа, түсінікті ережелерді күтіп отырғаны жасырын емес. Өткен жылмен салыстырғанда, ішкі инвестициялар екі есе азайды. Тіпті ірі рейтинг агенттіктері де кезектен тыс сайлауға ишара жасауда», - деп атап өтті ол.


Үшінші себеп ретінде саястаннушы билік пен мемлекеттік аппараттың бірлігін атады.


«Біздің элита күрделілік пен белгісіздік жағдайында жұмыс істей алмайды. Егер өтпелі кезең ұзаққа созылар болса, мемлекеттік аппарат пен элитаның бір бөлігі бұзылады. 2004 жылды, Асар партиясын еске алайық. Келесі жылға дейін созсақ, қоғамды әлсіретіп аламыз», - деп есептейді сарапшы.


Сонымен бірге, А. Сарымның пікірінше, сайлау елдегі партиялық-саяси жағдайға оң ықпалын тигізеді.


«Сайлау елдегі партиялық-саяси жүйені қайта жаңартады, 2001 жылғы жікке бөлінуді жабады. Қазірдің өзінде партиялық амбициясы туралы айта алатын ең кемі 5-6 ойыншы пайда болды. Бұл сайлау - біз үшін үлкен мүмкіндік», - деп сөзін түйіндеді ол.


 




Көрілген: 4080    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.04.2019, 17:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31