Саяси сахна

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді

  • © primeminister.kz/

    © primeminister.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Түркістан қаласындағы нысандардың салыну барысын тексерді.

 

Премьер-Министр Түркістан қаласындағы жаңа әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының салыну барысымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан және биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп жоспарлануда.

 

 

А. Мамин Конгресс-холл, Оқушылар сарайы, әкімдіктің кеңселер ғимараты, бассейні бар спорт кешені, 7 мың орынға шақталған стадион, драма театры, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана, аттракциондары бар қалалық саябақ, «Ұлы дала елі» орталығы және Қ. А. Яссауи музейі ғимараттарының құрылыс алаңдарын аралады, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы Ұлттық қолөнершілер орталығы мен келу орталығының ғимараттарының қайта жөнделу барысын тексерді.

 

 

Үкімет басшысы әрқайсысы 120 бөлмеден болатын «Rixos Turkestan» және «Hampton by Hilton» қонақ үйлерінің, сондай-ақ «Sembol construction» түрік компаниясы салып жатқан, инвестиция көлемі 80 млрд теңгені құрайтын «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылысы барысымен танысты. Бұл қонақ үй-туристік нысандардың барлығын биыл пайдалануға беру көзделген.

 

 

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістан қаласының дамуына ерекше көңіл бөледі. Биыл күзде мұнда Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің саммитін өткізу жоспарланған. Осыған орай барлық қажетті нысандардың құрылысының уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету қажет», — деді А. Мамин.

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 202    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 17:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29