Саяси сахна

Қырғызстан елі жойылуы мүмкін

  • Қырғызстан елі жойылуы мүмкін

    Қырғызстан елі жойылуы мүмкін

Бүгінде мемлекеттік машина халықты басып алды. Ешбір елде халық билігі жоқ, бізде олигархтардың билігі. Халық ықпал ететін күш керек.

"Кыргыз жолу" қоғамдастығының төрағасы Қадырбек Кошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Бішкекте кезекті конституциялық кеңес өтіп жатыр. Кошалиев Конституцияға ел атауын "Қырғыз Халық Республикасы" деп жазуды ұсынды. Оның айтуынша, негізгі заңның жобасында халық құрылтайы деген түсінік енгізіліп жатқандықтан, тиісінше халық республикасы болуы  керек. 

"Біз Конституцияға алғаш рет ресми түрде халық құрылтайы институтын енгізіп отырмыз. Халық билігі және мемлекеттік басқару деген түсінік бар. Бүгінде мемлекеттік машина халықты басып алды. Ешбір елде халық билігі жоқ, бізде олигархтардың билігі. Халық ықпал ететін күш керек. Барлық жоғары лауызымды халық құрылтайында бекіту керек. Сонда біз жемқорлықтың минимум деңгейіне жетеміз және шенеуніктердің жауапкершілігі артады", - деді ол. 

Еске салайық, Қырғызстанда Жогорку Кенештің 80 депутаты Конституцияның жаңа жобасын және референдум өткізу туралы заң қабылдауды ұсынды. Ол 10 қаңтарда өтеді деп көзделген. Конституцияның жобасы парламенттің ресми сайтында қоғамның талқылауына шығарылған.

Конституцияны өзгерту - о бастан Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаровтың бастамасы болған. Ол бұл туралы бірнеше рет айтты. Алайда негізгі заңды қайта жазып шығу мәселесін көтеру парламенттің алтыншы шақырылымындағы депутаттарға жүктелді. Ал депутаттардың қызметі 28 қазаннан кейін заңсыз болып қалды - өкілеттік мерзімі аяқталған. 

Tengrinews.kz




Көрілген: 819    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 19:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31