Саяси сахна

Қырғызстан Қазақстанға айып тақты: қаржы министрлігі жауап қатты

  • Қырғызстан Қазақстанға айып тақты: қаржы министрлігі жауап қатты

    Қырғызстан Қазақстанға айып тақты: қаржы министрлігі жауап қатты

Қазақ-қырғыз шекарасында бақылау күшейгендіктен, жүк көліктері кептеліп тұр. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың нормаларын бұзып жатқан жоқ. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Қуат Рақымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.




"ЕАЭО нормаларын бұзып жатыр дегенге келсек, мен мұнымен келіспеймін. Біз сыртқы шекара, ставка, баж, декларацияның ортақ нормалары туралы сөз қозғап отырмыз. Бұл біздің бәрімізге де қатысты. Тек кейбіреулер тауар құнына қатысты өздерінің бақылау функцияларын толық орындамай отыр деген күдігіміз бар", - деді Рақымов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, қазақстандық тарап ешқандай тыйым немесе шектеу қойып отырған жоқ, бар болғаны жүктердің құжатқа сәйес болғанын қалайды.


Айта кетсек, Қазақстан 27 наурыздан бастап қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қарасу" өткізу бекетінде бақылауды күшейткен. Қазір шекарада 100-150 көлік кептеліп тұр екен.


Жуырда Қырғызстанның ұлттық экономика министрлігі Қазақстан шекарада бақылау шараларын күшейту арқылы ЕАЭО нормаларын бұзып, тауардың еркін қозғалысын шектеп отыр деп мәлімдеген еді




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

сенбі, 06.04.2019, 11:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31