Саяси сахна

Қытайдың бас консулы: Жаман ниетті адамдар Қазақстанмен қатынасымызға дақ түсірмекші

  • Қытайдың бас консулы: Жаман ниетті адамдар Қазақстанмен қатынасымызға дақ түсірмекші

    Қытайдың бас консулы: Жаман ниетті адамдар Қазақстанмен қатынасымызға дақ түсірмекші

Қытайдың бас консулы жаман ниетті адамдар Қазақстан мен Қытай қатынасына дақ түсіргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі silkroadnews агенттігіне сілтеме жасап.


Бас консул Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынасқа жаман ниеттілердің дақ түсіргісі келетінін айтты


Қытайдың бас консулы Чжан Вэй өзінің Қазақстандағы дипломатиялық жұмыстарын бітірмес бұрын екі ел арасындағы қарым-қатынастың жақсы екенін айтқан. Алайда, соңғы уақыттары кейбір қара ниетті адамдар бұл достыққа БАҚ арқылы дақ түсіргісі келіп жүргенін айтты ол. 


"Мен Қазақстан мен Қытайдың арасындағы қарым-қатынастың болашағына үлкен сенім артамын. Өйткені менің пікірімше біз достығымыз бен көршілігіміздің жақсы көрінісін жасап келеміз", - дейді Чжан Вэй.


Қазіргі таңда Қытай мен Қазақстан арасындағы инвестициялық-индустриялдық қарым-қатынас 27 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. "Нұрлы жол" Ұлы Жібек жолының бойымен атты жоба аясында екі ел арасындағы іскерлік қатынастардың деңгейі өсіп келеді. 


Қытай мен Қазақстанның арасындағы іскерлік қатынастардың қиындығын консул уақытша деп танып, тез арада шешімін табатынына сенімділік білдірді. 


Виза алу, жұмыс істеуге рұқсат беру, инвестиция мен сауданы қорғау, іскерлік ортаны жақсарту үшін екі ел арасында мүмкіндіктер жасап, оңтайлы шешімдер іздеу қажет дейді ол.


"Елде қазақ-қытай қатынасына сенімсіздік танытатын адамдардың бар екені жасырын емес. Алайда, БАҚ арқылы бұл қатынастарға дақ түсіріп, дамуды кешеуілдетудің қажеті жоқ деп ойлаймын", - дейді Чжан Вэй.


 

 




Көрілген: 701    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.07.2019, 18:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31