Саяси сахна

Лукашенко Тоқаев туралы ойын айтты

  •  Беларусь Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

    Беларусь Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Душанбеде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы саммитінде кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту тақырыбын талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімовпен кездесу кезінде айтты, деп хабарлады Sputnik Беларусь.

 

Қазақстан мен Беларусь басшысы қыркүйектің ортасында Тәжікстан астанасында өтетін ҰҚШҰ саммиті кезінде екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.

 

"Қазақстандықтардың жолы болған екен. Президент деген сіздердікіндей-ақ болсын. Халық үшін, мемлекет үшін осылай тату жұмыс істеуді сіздерден үйрену керек", - деді Александр Лукашенко.

Кәрім Мәсімов Беларусь көшбасшысына кездесу өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың дұғай сәлемін жеткізді.

 

"Нұрсұлтан Әбішұлы: "менің ескі досыма сәлем айт", - деді. Қасым-Жомарт Кемелұлы 16 қыркүйекте Душанбеде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы саммиті алдында өзара іс-қимыл бойынша сізбен талқылауым қажет тапсырмалар берді", - деп нақтылады Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы.

 

Ол екі ел басшылығы талқылайтын тақырып бар екенін айтты, себебі қарым-қатынас достық сипатқа ие. Сондай-ақ мақсат пен міндет ортақ болғандықтан, "бір-бірімізге көмектесуіміз керек" екенін жеткізді.

 

Александр Лукашенконың айтуынша, қазір екі елдің арнайы қызметі ынтымақтастық орната алды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік қауіпсіздік комитеті желісі бойынша уағдаластық орындалады.

 

"Бізге және Қазақстан үшін тиімді әрі қажет жерде бірге жұмыс істейтін боламыз. Барлық елдегі сияқты арнайы қызметтер желісі бойынша бізде қосымша байланыс арнасы орнатылғанын қалаймыз, ол бойынша біз маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдай аламыз", - деп атап өтті ол.

 

Лукашенко сонымен қатар белорустар Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы саммитінде Ауған мәселесінен тыс қалмайды деп мәлімдеді.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1846    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 17:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31