Саяси сахна

Мәжіліс спикері мен оның орынбасарлары сайланды

  • Мәжіліс спикері мен оның орынбасарлары сайланды

    Мәжіліс спикері мен оның орынбасарлары сайланды

Депутаттар спикердің ұсынысын бірауыздан қолдады

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар жаңа төрағаны жасырын дауыс арқылы сайлады. «Ақ жол» партиясы мен Қазақстан Халық партиясының төрағалары да Нығматулиннің кандидатурасын қолдады.

«Ең алдымен, мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке - Мәжіліс төрағасы ретінде сайлағандарың үшін шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер! Біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан да әрқашан Елбасының, Президенттің өзіме жүктеген міндеттерін жоғары деңгейде орындау үшін, сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімін ақтау үшін барлық жинаған білімімді, тәжірибемді жұмсайтын боламын», - деді Мәжіліс төрағасы болып сайланған Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс спикері болып сайланған Нұрлан Нығматулин екі орынбасары ретінде &ndash Балайым Кесебаева мен Павел Казаенцевтің кандидатурасын ұсынды.

«Осы құқықты пайдалана отырып, Мәжіліс төрағасының орынбасары ретінде бірінші кезекте депутат Балайым Кесебаеваның кандидатурасын ұсынғым келеді. Ол VI шақырылымның депутаты болған, тәжірибесі мол, білікті заңгер. Көп жылдар бойы әділет органдарында жұмыс істеген, жұмысқа белсенді қатысатын, өзінің кәсібилігін көрсеткен депутат. Мен оны лауазымға лайық деп санаймын. Оның осындай жоғары лауазымда жұмыс істей алатынына сенімдімін», - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс төрағасының орынбасары лауазымына екінші үміткер ретінде ол депутат Павел Казанцевтің кандидатурасын ұсынды.

«Павел Олеговичті бәріңіз жақсы білесіздер, әкімшілік және партиялық жұмыста мол тәжірибесі бар, партияда және жауапты лауазымдарда жұмыс істеді, партиялық бақылау комитетін басқарды, VI шақырылымда да тиімді жұмыс істеді. Сондықтан оның кандидатурасын ұсынамын», - деді Нығматулин.
Депутаттар спикердің ұсынысын бірауыздан қолдады.

54 жастағы Балайым Кесебаева Nur Otan партиясының VI шақырылымының депутаты болған, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, VII шақырылым Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Әр жылдары Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастығы, Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің директоры, Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.

60 жастағы Павел Казанцев &ndash Nur Otan партиясынан VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, VII шақырылған Мәжілістің депутаты болып сайланды. ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, Nur Otan партиясының партиялық бақылау комитетінің төрағасы болды.




Көрілген: 1525    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 14:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31