Саяси сахна

Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиында ел дамуының жаңартылған болжамы және республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және басқалар қатысты.

 

 

Отырыс барысында Үкімет әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты болжамдарын және әлемдік экономикадағы ахуалды, тауар нарығындағы үрдістерді ескере отырып, осы жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарын, сондай-ақ, биылғы І тоқсанның алдын ала қорытындыларын ұсынды. Атап айтқанда биыл ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі бекітілген көрсеткіштен 0,3 пайызға артып, 3,1% деңгейде болады деп болжануда. Инфляция деңгейі 4-6% аралығында сақталып отыр.

 

Бюджетті нақтылаудың негізгі міндеті – Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау және «Nur Otan» партиясының сайлауалды платформасын жүзеге асыру. Осыған байланысты бюджеттің кірісінде де, шығысында да өсім болады деп күтілуде.

 

Автомобиль жолдарын дамытуға, «Ауыл – ел бесігі» жобасын одан әрі іске асыруға, экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға, «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосымша қаражат бөлінетін болады.

 

Пандемиямен күреске бөлінетін қосымша қаржы дәрігерлерге үстемеақы және медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады. Сонымен қатар әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, су тасқынына қарсы іс-шараларға, сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйелерінің құрылысы мен оларды жаңғыртуға қаржы бөлу жоспарланған.

 

Жиын қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет шығындарын оңтайландырып, кірісін арттыру, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, инфрақұрылым мен цифрландыруды дамыту, сондай-ақ, Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырма берді.

 

 

 

 

akorda.kz




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 18:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31